Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның 13 өңірінде су тасқыны қаупі өте жоғары - ТЖМ министрі

Қазақстанның 13 өңірінде су тасқыны қаупі өте жоғары. Бұл туралы Үкімет отырысында Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Министрлік елді мекендерді су тасқынынан қорғауға ерекше басымдық берілгенін айтты. 

“Бұл табиғи процесс және үнемі алдын алу шараларын қажет етеді. Қардағы су қорының мөлшерін, топырақтың күзгі ылғалдылығын, оның қату тереңдігін қарап, қар астында мұз қабығының болуын ескеріп, су тасқыны қаупі бар өңірлер дәрежесіне қарай бөлінеді. Тәуекелдері жоғары аймақтарға Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстары және Абай, Жетісу облыстары жатады. Орташа тәуекелдері бар өңірлерге Павлодар және Ұлытау облыстары кіреді", - деді Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин

Министрдің сөзінше, бүгінгі таңда су басу қаупі аймағында 255 елді мекен бар. 

“Оларда 127 мыңнан астам үй және 700 мыңнан астам азамат бар. Өткен жылғы су тасқынының өтуін талдау қорытындысы су басудың негізгі себептері өзен арналарының толып кетуі мен балдырлануы, дренаждық-арық жүйелерінің болмауы, су қорғау белдеулерінде үйлер салу екенін көрсетті", - деді Юрий Ильин Үкімет отырысында. 

Бақытнұр Шерикбай
Сейсенбі, 24 Қаңтар, 2023 10:00
Талқылау