AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның 13 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

"Қазгидромет" РМК 9 ақпан күні ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қостанай облысының солтүстігінде және шығысында тұман күтіледі. Түнде облыстың шығысында жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде шығыста екпіні 15-20 м/с артады.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман болжанады.

Нұр-Сұлтан қаласында кей уақытта тұман күтіледі.

Қызылорда облысының солтүстігінде және орталығында тұман болады.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, батысында жаяу бұрқасын, көктайғақ болжанады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз батыс, солтүстік-батыс, оңтүстік аумақтарда желдің күші 15-20 м/с артады.

Ақтөбе облысының солтүстігінде және оңтүстік-шығысында тұман күтіледі.

Алматы облысында: Іле Алатауы, Жетісу Алатауы, Қырғыз Алатауында кей уақытта тұман, көктайғақ болады. Талас Алатауында түнде және таңертең тұман болжанады. Батыс Алтайында кей жерлерде қар, жаяу бұрқасын күтіледі.

Алматы қаласында кей уақытта тұман, көктайғақ болады.

Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарда тұман күтіледі.

Шымкент қаласында түнде және таңертең тұман болады.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.

Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында, таулы аудандарында тұман, көктайғақ болжанады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында және таулы аудандарында желдің екпіні 15-20 м/с артады.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр