Қазақстанның 12 өңірі "қызыл" аймаққа кірді
Солтүстік Қазақстан облысы қауіпті "қызыл" аймаққа кірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.
COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия 13 шілдедегі жағдай бойынша өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады.
Оған сәйкес, қазір "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары тұр.
"Сары" аймақта: Алматы, Жамбыл және Қызылорда облыстары.
"Жасыл" аймақта: Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары.
Өткен тәулікте 3 693 қазақстандықтың коронавирусқа тапсырған ПТР-тесті оң нәтиже көрсетті.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн