Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның 12 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазгидромет Қазақстанның 12 облысына ауа райына байланысты ескерту жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

5 қыркүйекте Астанада түнде және таңертең тұман түседі.

Ақмола облысының солтүстігінде, батысында, шығысында да түнде және таңертең  тұман түседі. Облыстың солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с.

Ақтөбе облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырау облысының батысы мен оңтүстігінде найзағай ойнап, күн күркірейді. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндізгі найзағай кезінде желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Облыстың солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.

5-6 қыркүйекте таулы аймақтарда, 7 қыркүйекте күндіз солтүстікте, Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, солтүстік-шығыста, таулы аймақтарда желдің екпіні 15-20 м/с. Өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі бар.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, күн күркірейді. Облыстың батысында түнде және таңертең – тұман.

Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақаталады.

Павлодар облысының шығысында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын желдің найзағай кезіндегі екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде және шығысында найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Солтүстікте солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді.

Ұлытау облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіптілігі сақталады.

Талқылау