Қазақстанның 10 қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі
Қазгидромет 6 қазанға арналған ауа райын болжады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: amp.lviv.politeka.net
"Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында фронтальды бөліктердің өтуімен жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Елдің қалған бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша тұман күтіледі, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста екпінді жел соғады", - делінген хабарламада.
Павлодар, Қарағанды, Теміртау, Өскемен, Семей, Риддер, Атырау, Алматы, Астана қалаларында және түнде Ақтауда қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.