Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанға жарты жыл ішінде келгендер саны кеткендер санынан үш есе төмен болған

2021 жылғы қаңтар-маусым айларында Қазақстанға 4 600-ге жуық адам келді. Бұл өткен жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 35%-ға аз, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ranking сайтына сілтеме жасап. 

Сонымен бірге елден 14 200-ге жуық адам кетті. Пандемияға қарамастан, бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 29,3%-ға көп.

Айта кетсек, 2015 жылдан 2019 жылға дейін елден кетушілердің саны үнемі өсіп отырды. 2020 жылы карантин әсерінен шекаралардың жабылуына байланысты үрдіс үзілді. Бірақ биыл Қазақстаннан эмиграция қайтадан қарқын алуда.

Қалалардан 11 900 азамат кеткен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 29%-ға артық. Ауылдардан 2 200 адам көшіп кетті. 2020 жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда 30%-ға артық. 

Сонымен қатар шетелден қалаға 3 700 адам көшіп келген. Бұл өткен жылғы көрсеткіштерден 15%-ға аз. Ал ауылға 883 адам келген, өткен жылмен салыстырғанда 67%-ға аз.

Айнұр Мұхади
Сәрсенбі, 25 Тамыз, 2021 12:52
Талқылау