Қазақстаннан тауарлар экспортына қойылған шектеуді қашан алып тастау жоспарлануда

Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров астық, ұн және басқа да азық-түлік өнімдерін экспорттауға қойылған шектеуді қашан алып тастау жоспарланған деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

жеміс

"Төтенше жағдай кезінде шектеулер мен квоталар елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін енгізілді. Бірақ бүгін төтенше жағдайдың аяқталуына және елдің азық-түлікпен толық қамтамасыз етілуіне байланысты министрлік 1 маусымнан бастап барлық шектеулер мен тыйымдарды алып тастауды жоспарлап отыр. Бұйрық талқыланып, бекітілуде", - деді ол үкіметтің брифингінде.

Бұған дейін ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми құжатында Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге тыйым салынған тауарлардың тізімі көрсетілген. Оған: қарақұмық; қант; картоп; пияз, сарымсақ және басқа көкөністер кірді; сонымен қатар күнбағыс тұқымдары,күнбағыс майы.

Сондай-ақ, тек квотамен ғана экспортталуы мүмкін тауарлардың тізімі бар. Олар: сәбіз, репа, қызылша; қырыққабат, гүлді қырыққабат, коллаби, жапырақты қырыққабат және соған ұқсас көкөністер; бидай немесе қара бидай ұны; жұмсақ бидай мен мезлин.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр