AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстаннан шыққан жүк Ресейге қарсы санкцияларға байланысты портта қалып қойды

Ресейге қарсы салынған санкциялардың салдарынан Қазақстаннан шыққан жүк көліктері теңіз порттарында қалып қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Ресейге қарсы санкциялар пакетінің енгізілуіне және тауардың шыққан елін анықтаудың жаңа тетіктерінің болмауына байланысты Ресей арқылы транзитпен өтетін Қазақстаннан шыққан жүктерінің бірқатары теңіз порттарында тұрып қалған”, –  делінген хабарламада.

Министрлік Ресей аумағы арқылы Еуропалық Одақ елдерінің нарығына автомобиль көлігімен өтетін қазақстандық тауарлар кідіріссіз өтетінін түсіндірді.

Қазіргі уақытта сауда министрлігі қазақстандық тауарларды межелі елдерге үздіксіз жеткізуді қамтамасыз ету үшін консультациялар жүргізіп жатыр, деп сендірді министрлік.

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде қазақстандықтар Kusto Group негізін қалаушы серіктестердің бірі, кәсіпкер Қанат Көпбаевтың атынан хабарлама тарата бастаған болатын.

Басылымда кәсіпкер Ресейге салынған санкциялардың Қазақстан кәсіпкерлеріне де кесірін тигізіп жатқанын баса айтып, бизнес қауымдастығын мәселенің тереңдігін елдің үкіметі мен тиісті ведомстволарына жеткізуге шақырды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр