"Қазақстаннан шетелге 140 миллиард доллар шығарылған, бірақ бірде-бір тиыны қайтарылмады" - Депутат

Соңғы бес жылда капиталдың шетелге шығуына байланысты 238 қылмыстық іс қозғалды, бірақ бірде-бір тергеу ақша қайтаруға мүмкіндік бермеді. Мұндай деректі сенатор Ольга Перепечина айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ольга Перепечина

"Бізде шетелге капиталды шығару сомалары туралы нақты мәліметтер жоқ, өйткені бізде мониторинг пен бағалаудың бірыңғай жүйесі жоқ... Tax Justice Network халықаралық ұйымына сәйкес соңғы 20 жыл ішінде Қазақстаннан тек офшорлық аймақтарға шығарылған қаржы шамамен 140 миллиард долларды құрады",  - деді депутат.

Оның айтуынша, 2015-2019 жылдар аралығында қаржы министрлігінің өндірісінде ұлттық және шетел валютасын репатриациялау талаптарын орындамау фактілері бойынша 238 қылмыстық іс тіркелген. Ақтау негіздері бойынша тағы 238 іс қысқартылды, сотқа 3 қылмыстық іс жіберілді.

"Тоқтатылған 238 істің шамамен 70 пайызы немесе 170 ісі құқық бұзушылықтың болмауына байланысты тоқтатылды, яғни шетелден капиталды шығару фактісі бар, бірақ бұл факт ұлттық заңнамаға сәйкес келмейді", - деп атап өтті Перепечина.

Депутаттың айтуынша, тіпті сотқа дейін жеткен үш іс аясында да ақша қаражатын қайтару мәселесі қаралмады, себебі қылмыстық іс жүргізу кодексінде ақшаны қайтару бойынша міндеттемелер қарастырылмаған.

"Капиталды заңсыз шығаруға қарсы әрекет ететін жүйе жетілмеген. (...) Капиталдың шетелге кетуі сияқты құбылысқа мониторинг, экономикалық зерттеулер жүргізу бойынша жоспарлар бар ма? Оны қандай мемлекеттік орган жүзеге асырады? Ұлттық заңнама ақша қаражатын шетелге шығарудың көптеген заңсыз тәсілдерін қолдануға жол береді. Сонымен қатар, капиталды заңсыз шығару фактісі анықталған жағдайда да шетелге шығарылған қаражатты қайтару бойынша міндеттемелер қарастырылмаған", - деп Ольга Перепечина премьер-министр Асқар Маминге және Ұлттық банктің басшысы Ерболат Досаевқа сұрақтар жолдады.


 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр