Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстаннан Мәскеуге ұшып барған модельдің 1000 доллары қолды болды

Қазақстаннан Мәскеуге ұшып барған ресейлік модель полицейлерге чемоданынан 1000 доллар ұрланғанын хабарлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Shot Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Басылымның хабарлауынша, 25 жастағы ресейлік қыз Астанада түсірілімге қатысып қаламақы алған. Мәскеуге қайта келіп, Шереметьево әуежайынан түсіп жүгін алған кезде чемоданның құлпы жұлынғанын білген. Полиция қызметкерлері күдіктіні іздеуге кірісті.

Талқылау