Қазақстаннан алынған еттен бруцеллез табылды – Түркіменстандық БАҚ

Фото: Pixabay.com
Түркіменстан Қазақстаннан келген еттен бруцеллез табылып, сол ет партиялары балалар мекемелері мен сауда желілеріне түскенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Түркіменстан хроникасы сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Басылымның мәліметінше, мұздатылған ет партиялары Түркіменстанға Ақмола облысынан келген. Кейіннен санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргізетін зертхана сынамалардан бруцеллезді анықтады. Қазақстан тарапы импорттаушы компания төленген ақшаны толығымен қайтаратынын айтты.
Анықталғандай, өнімдердің бірінші партиясы Ахал велаятында, оның ішінде мектепке дейінгі мекемелер мен балалар үйлеріне таратылды. Екінші партия Мары және Лебап велаяттарындағы тұтынушылар қоғамының сауда нүктелері арқылы сатылды. Еттің бәрі тамаққа қолданылған.
Түркіменстанның денсаулық сақтау және медициналық өнеркәсібі министрлігі ауруханалардың жұқпалы аурулар бөлімшелерін тексеріп, қажет болған жағдайда науқастарды оқшаулауды тапсырды.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген