Қазақстаннан 2010-2021 жылдары Нидерланды, Кипр, Кайман және Сейшел аралдарына 53,4 млрд доллар шығарылғаны анықталды
2010-2021 жылдар аралығында Қазақстаннан Нидерланды, Кипр, Кайман және Сейшел аралдарына 53,4 миллиард доллар шығарылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл жөнінде "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасының тұжырымдамасында айтылған.
- Нұрсұлтан Назарбаевтың қоры журналистік зерттеумен айналысатын америкалық басылымды сотқа берді
- "Қазақмыс" Назарбаевтың қорларына "демеушілік есебінде" 79,4 млрд теңге аударған
“Ұлттық банк деректері 2010-2021 жылдар аралығында Қазақстаннан (негізінен Кипрге, Нидерландыға, Кайман және Сейшель аралдарына) тікелей инвестициялардың жалпы шығарылымы шамамен 4,5 миллиард долларды немесе бүкіл кезең үшін 53,4 миллиард долларды құрағанын көрсетеді. Жоғарыда келтірілген деректер өзара байланысты, сондықтан жалпы көрсеткішті анықтау үшін қарапайым қорытынды жасау жеткіліксіз болады. Сонымен қатар, көптеген деректердің болмауына байланысты зерттеулердің әрқайсысының қамтылуы шектеулі болып қала береді”, - делінген құжатта.