Қазақстанға Украинаның кебін киетінін айтқан Тигран Кеосаян өмірден өтті
Фото: Vladimir Andreev / URA.RU / Global Look Press
Қазақстанда нон грата персонасы статусы берілген, Ресейлік режиссер әрі тележүргізуші Тигран Кеосаян қайтыс болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Маргарита Симоньян Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Оның қазасын жұбайы Маргарита Симоньян әлеуметтік желіде хабарлады.
"Бүгін түнде Тигран Жаратушыға кетті", – деп жазды ол.
Тигран Кеосаян – RT телеарнасының, "Россия сегодня" халықаралық ақпарат агенттігінің және Sputnik ақпарат агенттігінің бас редакторы Маргарита Симоньянның күйеуі.
Кеосаян 59 жаста болды. 2025 жылдың қаңтарында ол клиникалық өлімді басынан өткеріп, комаға түскен. Симоньянның айтуынша, жолдасы сол комадан қайта оянбаған.
Қазақстанда нон грата персонасы статусы берілген Тигран Кеосаян комаға түсіп қалды
Ал Қазақстан Сыртқы істер министрлігі ресейлік журналист Тигран Кеосаянның Қазақстан туралы мәлімдемесіне қатысты пікір білдірген еді.
Кейіннен 2022 жылы 24 маусымда Кеосаян Қазақстанға кіруі орынсыз адамдар тізіміне енгізілді.

Тоқаевпен бір жерде оқыған, Назарбаевтың құдасы: Сыртқы істер министрі қызметіне кіріскен Ермек Көшербаев кім
