Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанға туристік визамен келіп жұмыс істеп жүрген қытайлар ұсталды

Қазақстан шекарасын асып, туристік визамен Алматыға келген Қытай азаматтарының бәрі бірдей саяхаттап жүрген жоқ. Алматы облысының заңсыз көші-қонға қарсы күрес жөніндегі саптық бөлінісі қырық градус ыстықта кірпіш шығаратын цехта жұмыс істеп жүрген Қытай Халық Республикасының азаматтарын анықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 телеарнасына сілтеме жасап.

Қазақстанға туристік визамен келіп жұмыс істеп жүрген қытайлар ұсталды

Шағын цех Алматыдағы Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында орналасқан. Ал онда жұмыс істеп жүрген шетел азаматтарының ешбірінде құжат жоқ.

Құрылыс материалын жасайтын шағын өндіріс орнында Өзбекстан азаматтарымен қатар Қытайдан келген жұмысшылар да бар. Бір ай бұрын еліміздің аумағына турист ретінде кірген азаматтар көші-қон заңнамасын өздері де білмейді екен.

"Өткен айдың 28-де мұнда кірпіш шығаратын білдек жасау үшін келдік мұнда. бір айға келдік. Жұмысымыз бітейін деп қалды", - дейді қытай азаматының бірі. 

Жұмысшылардың Қазақстанға қандай жалақы үшін келгендері жұмбақ болып қалды. Мұнда оларға ешқандай заң жасалмаған. Бірақ жұмысшылар соған көніп отыр.

Қытай азаматтарының үстінен Қарасай аудандық сотында әкімшілік іс қозғалып, айыппұл салынды. Ал олардың келуіне мүмкіндік жасаған туристік компания да жазаланады. Заңсыз әрекеті үшін туристік компанияның директоры сотталуы мүмкін.  

Талқылау