Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанға шетелден келген 39 жолаушыда коронавирус анықталды

Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Садуақас Байғабылов шетелден келгендерден вирустың анықталғаны туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ол 6 қазаннан бастап тексеріске алынған жолаушылардың ішіне қанша адам вирус жұқтырғанын айтып берді. Әзірге елімізде бортсеріктер мен әуежай қызметкерлерінен коронавирус табылмаған.

"6 қазаннан бастап 426 халықаралық рейс келді. 19 рейсте 39 жолаушыда коронавирус анықталды. Олардың жанында 413 адам және 44 стюардесса байланыста болды. Мониторингтің нәтижелері бойынша не байланыс қызметшісі, не стюардессада COVID-19 анықталған жоқ", - дейді Байғабылов.

Талқылау