Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанға сапар оңай болған жоқ – Мбаппе

Мбаппе Қазақстанға келу оңай болмағанын атты

Фото: Желі кадрларынан скрин

30 қыркүйекте УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде алматылық “Қайрат” өз алаңында әйгілі испаниялық “Реал Мадридті” қабылдаған еді. Осы сапардан кейін “Реал” мен Франция құрамасының жұлдызы Килиан Мбаппе желіде Қазақстанға келу қиын болғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ол Арда Гюлердің Instagram парақшасындағы жазба астына пікір қалдырды.

“Қазақстанға барған сапарымыз оңай болған жоқ”, – деді Мбаппе.

Мбаппенің бұл пікірі желі қолданушылары арасында қызу талқыланып, кейбір жанкүйерлер әзіл-қалжыңмен “Кешір чемпион, тағы кел!” деп жауап қайтарған.

Бұл пікір небәрі 3 сағаттың ішенде 40 мыңнан астам лүпіл жинады. 



Еске салсақ, "Қайрат" чемпиондар лигасында "Реал Мадридтен" 0:5 есебімен жеңіліп қалған еді.

Гүлсезім Мұхатай
Сейсенбі, 07 Қазан, 2025 11:11
Талқылау