AAPL
149.24 $
2.54 %
TSLA
761.61 $
5.14 %
NDAQ
148.79 $
1.82 %
GOOGL
2329.46 $
1.77 %
FRHC
43.51 $
2.06 %
AAPL
149.24 $
2.54 %
TSLA
761.61 $
5.14 %
NDAQ
148.79 $
1.82 %
GOOGL
2329.46 $
1.77 %
FRHC
43.51 $
2.06 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанға ресейліктер жаппай келіп жатыр ма? Вице-министр жауап берді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ержан Біржанов "ресейліктердің жаппай Қазақстанға жұмысқа келіп жатқанына" қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Біз ішкі істер министрлігімен бірге көрші елдерден келетіндердің санын үнемі бақылап отырамыз. Таңертеңгі мәліметке сәйкес, Қазақстанда 101 мыңнан астам Ресей азаматы жүр. Олардың ішінде жыл басынан бері 6 350 адам жұмыс бабымен келген. Былтыр бір жылдың ішінде осы санаттағы ресейліктердің саны 18 800 адам болған. Бұл дегеніміз, әзірше, ресейліктер жаппай Қазақстанға жұмысқа келіп жатқан жоқ", –  деді Біржанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Оның айтуынша, шетел мамандарының келгенінен қорықпау қажет. Себебі ондай үрдістің тиімді тұсы да бар.

"Мықты мамандар келеді ғой, ірі IT-компаниялар бар. Цифрлық даму министрлігінің бастамасымен кездесу де өтті. Мәселен, InDriver де келіп, Қазақстанда өз кеңсесін ашып жатыр. Бұның барлығы – білім мен құзыреттің импорты. Одан неге қорқамыз? Ондайда қазақстандықтар көп нәрсеге үйрене алады", –  деп атап көрсетті Біржанов.

Вице-министр ірі компаниялар келсе, бюджетке де ақша түсетінін еске салды.

"Дегенмен, біз Қазақстанға кімнің және не үшін келіп жатқанын бақылап отырамыз", - деді Біржанов.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр