Қазақстанға пойызбен келген Ресей азаматы із-түссіз жоғалып кетті
Солтүстік Қазақстан облысында 24 жастағы Ресей азаматы іздестіріліп жатыр. Ол елімізге пойызбен келген соң жоғалып кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Петропавлск.news басылымына сілтеме жасап.
Александр Киржа Курганск облысынан Петропавлға 12 қыркүйекте келіп, жоғалып кеткен. Әзірге оның қайда екені белгісіз.
Айрықша белгілер: бойы 194 сантиметр, шашының түсі қара, көзі қоңыр. Қызыл футболка, көк түсті шолақ шалбар мен қара былғары шәркей киген. Өзімен бірге қара сөмкесі болған.
Егер қандай да бір ақпарат білсеңіз, еріктілерге хабар беруіңізді сұраймыз: +7-777-307-99-65, 8-926-626-64-33 немесе 102.
Талқылау

"Қазақ екеніме сенбейді": Ақтаулық жігіт желіде ерекше келбетімен көзге түсті
Желі қолданушысы: “Түрі қара болғанымен жүрегі аппақ бала”

"Екінші балаға бұл салт-жоралғы жүрмейді": Қазақстандық ата-ана құдаларынан босанған қызын 40 күнге жіберуге рұқсат сұрап, кәдесый алып келген
Дильназдың сөзінше, алғаш ана атанған қыз үшін туған анасынан артық жанашыр адам жоқ