Жоғары төлемақы алу үшін: Қазақстанға оралған қандастар жалған құжаттар жасаған
Отанынан оралған қандастар жоғарылатылған төлемақыларды алу үшін қолдан жалған құжаттар жасаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл жайында Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігі мәлімдеді.
Бөлім қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізген. Нәтижесінде жалған құжат жасаумен айналысқан 50 жастағы Исхан Ұлан есімді азамат ұсталып, ер адам сотталды.
"Ол Қытайдан келген кандастарға жоғарылатылған әлеуметтік және зейнетақы төлемдерін алуға құқық беріп, жалған еңбек кітапшаларын жасаумен және сатумен айналысқан", - делінген мәлімдемеде.
Қылмыскерден ҚХР түрлі ұйымдарының мөрі мен мөрінің жалған ізі, нотариустың мөрі мен қолы қойылған нотариаттық бланкілер, кескіш станок және олардың көмегімен жасалған жалған құжаттар (еңбек кітапшалары, туу және неке куәліктері) және басқа да заттар тәркіленді.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”