Қазақстанға оралған Баян Есентаева жүзін көрсетті
Тележүргізуші және белгілі продюсер Баян Есентаева Европада біраз уақыт ем қабылдағаннан кейін Қазақстанға оралды.
Бұл туралы ол Инстаграмдағы парақшасында хабарлаған. “Сүйікті қаламды қатты сағынып қалдым”, – деп жазды Баян.
Суретте продюсердің тың әрі өз-өзін жақсы күткені байқалады. Ол суретке барынша ірі планда түспеуге тырысқанымен, бет-әлпеті айқын байқалады. Ал көзіне қара көзілдірік таққан.
Естеріңізге сала кетсек, маусымның 10-ы күні Баян Есентаеваны күйеуі соққыға жығып, үш жерінен пышақтаған болатын. Артынша продюсерге 3 сағат бойы ота жасалып,күйеуі Бақытбек Есентаев қамауға алынған. Қайғылы оқиға Талғар ауданын трассасында болған. Продюсер маусымның 19-ы күні ауруханадан шығарылды.
Қазір Бақытбек Есентаев тергеу изоляторында. Оның әрекетіне қатысты сотқа дейінгі тексеру жұмыстары басталып кеткен. Оған “Өлтіруге әрекеттенді” деген қылмыстық кодекстің бабы негізінде айып тағылуда. 3 тамыз күні Баян Есентаеваның күйеуінің қамауда ұстау мерзімі тағы бір айға ұзартылған еді.