Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанға қоныс аударған ресейлік қыз екі елдің өмірін салыстырды

Ульяновск қаласының тумасы Виктория Писанская жақында Алматыдағы жігітімен бірге тұру үшін көшіп келген. Mosaica.ru-ға берген сұхбатында қыз өзінің Қазақстандағы өмірін қызықтары туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ресейлік қыз Алматы туралы алғашқы әсері керемет болмағанын атап өтті, бірақ екінші сапарында қалаға ғашық болып, оған басқа көзқараспен қарай бастаған.

"Мен алғаш рет Алматыда пандемия басталған кезде, наурыз айында, барлығы карантинге жабылған кезде болдым. Маған бәрі қорқынышты болып көрінді. Жақсы әсер қалды деп айта алмаймын. Қазір бәрі мүлдем басқаша. Бұл өзіндік атмосферасы бар үлкен қала. Әсіресе түнгі Алматы әдемі. Қазанға ұқсайды, тек көркем Кремльдің орнына тек керемет таулар бар", - деді Вика.

Бағаларға келетін болсақ, қыздың сөзіне қарағанда, Ульяновск пен Алматы арасындағы айтарлықтай айырмашылықтарды байқамаған. 

"Басқа жердегі сияқты: бірдеңе қымбат, бірдеңе арзан. Мысалы, метро арқылы саяхаттау өте арзан - бар болғаны 80 теңге. Бірақ тұрғын үй мен азық-түліктің бағасы Ульяновскіден жоғары", - деді бойжеткен.

Оның айтуынша, Алматыдағы өмір сүру деңгейі Ульяновскіге қарағанда әлдеқайда жоғары. 

"Алматы - Қазақстанның оңтүстік астанасы және ол қымбат әрі үлкен қалалардың бірі. Әрине, бұл Ульяновскіге қарағанда әлдеқайда дамыған қала. Бұл жерде өмір сүру деңгейі де жоғары. Менің білуімше, қазақтардың көбі, тіпті алматылықтар да Ресейге, көбінесе Мәскеуге және Петірге көшуге тырысады", - деп атап өтті Виктория.

Виктория сонымен бірге жергілікті дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар туралы сөз қозғады. 

"Қазақтар сүтті шайды жақсы көретінін атап өткім келеді. Барлық жерде, тіпті қарапайым "Макдональдсте" де саған сүт қосылған шай құяды. Ең қызығы алдымен сүтті, сосын шайды құю дұрыс екен, Ресейде керісінше істейміз. Алматылықтар аялдамада тұрған немесе асығып бара жатқан адамдарды оңай алып кетеді. Кез келген машинаны тоқтатсаң, жолы түссе, алып кетеді. Бұл өте қалыпты және әдеттегі жағдай", - деді ресейлік қыз.

Виктория көшіп келген кезде тілден қиналмаған.

""Қазақстанда екі мемлекеттік тіл - қазақ және орыс, сондықтан мұнда барлығы орыс тілінде сөйлейді. Тіпті қазақтар өз арасында орыс тілінде жиі сөйлеседі. Тілдік кедергі мүлдем жоқ. Баға белгілері орыс тілінде де көрсетілген. Тақтайшалары - бұл бөлек өнер. Олар көбінесе орыс және қазақ тілдерінде көрсетілген. Бірақ қазір Қазақстан барлық тақтайшаларды орыстан латын қарпіне көшіруде. Маған бұл тақтайшаларды орыс-қазақ-ағылшын жазуларынан көрген ұнайды", - деп атап өтті ол.

Соныман қатар Виктория Писанская Алматыдағы міндетті түрде бару керек жерлерді атады.

"Жыл мезгіліне қарамастан Алматыда Үлкен Алматы көліне баруды ұсынамын. Бұл - қуат көзі. Биік таулар көздің жауын алады. Сондай-ақ, теңіз деңгейінен 1691 метр биіктіктегі Медеу спорт кешенінде конькимен сырғанау керек. Көк Төбе тауының бақылау алаңына көтеріліп, Шымбұлақтан аспалы жолмен төмен түсіңіз. Сонымен бірге жергілікті Арбат - Жібек Жолы көшесімен серуендеңіз. Мұнда сіз осы қаланың барлық атмосферасын сезінесіз. Және Тұңғыш Президент саябағына барыңыз. Алматы түндері - өнердің жеке түрі екенін бәрі біледі. Сондықтан, әрине, түнгі Алматыда серуендеп, рахаттаныңыз", - деп кеңес берді ол.

"Мұнда тұрып жатқаныма енді бір ай болды, әзірге маған бәрі ұнайды. Жергілікті валютаға үйрену қиын болды. 5000 теңге алып, қазір көп затып сатып аламын деп ойлаймын, меніңше, оны рубль деп ойлап қалам. Бір, екі зат, бітті. Шындығында, бұл шамамен 800 рубль. Немесе "сізден 16 000 теңге" - супермаркеттегі кассир. Менің ойымша, бұл шамамен 3000 рубль. Бірақ қазір мен жақсы бағдарлаймын. Түркияда жеткілікті уақыт тұрдым, қазір Қазақстанда тұрамын және Ресейге қуана-қуана оралатынымды жоққа шығармаймын, өйткені одан артық жерді көрмедім. Мен бәріне мақтанышпен Ресейден екенімді айтқанды ұнатамын, өйткені біздің елде ең әдемі қыздар бар екенін бәрі біледі", - деді Виктория Писанская.

Талқылау