Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанға қытайлық вакцина жеткізілген жоқ - Министрлік

Елімізде КВИ-ге қарсы Қытай вакцинасы жеткізілген жоқ. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Біздің елімізге Қытай вакцинасы әлі жеткізілген жоқ. Қазақстанға келетін кез келген дәрі-дәрмек немесе вакцина алдымен тиімділігі мен қауіпсіздігі бойынша Денсаулық сақтау министрлігінің рұқсатын алуы тиіс. Әлия Назарбаеваға келсек, ол шетелге туристік сапары кезінде вакцина алған. Дегенмен қазіргі күні Қытай және басқа да вакцина өндірушілермен келіссөз жүргізіліп жатыр", - деді ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният ОКҚ-де онлайн өткен баспасөз мәслихатында. 

Еске сала кетсек, бұған дейін хабарлағанымыздай Әлия Назарбаев өзінің Instagram парақшасында коронавирус індетіне қарсы қытайлық вакцина салғызғанын айтқан болатын. 


 

STAN.KZ
Сейсенбі, 30 Наурыз, 2021 19:41
Талқылау