Қазақстанның Оқу-ағарту министрлігі мен Қазақстанның Грузиядағы елшілігі Қазақстан азаматы – 7 жасар қыз баланы елге қайтарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Баланы елге қайтару үдерісі шамамен алты айға созылған. Осы уақыт ішінде тараптар дипломатиялық арналар арқылы келіссөздер жүргізіп, Грузияның құзырлы органдарымен байланыс орнатқан. Сондай-ақ қажетті құжаттар дайындалып, рәсімнің құқықтық сүйемелдеуі қамтамасыз етілген.
Қазір қыз бала қауіпсіз ортада. Оған психологиялық қолдау көрсетіліп жатыр. Сонымен қатар заң талаптарын сақтап әрі баланың мүддесін ескеріп, оны отбасыға орналастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Таяу Шығыстағы қақтығыс аймағынан 7300-ден астам қазақстандық эвакуацияланды
Баланың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғау мақсатында оның жеке деректері, қай жерде болғаны және басқа мәліметтер жарияланбайды, құпия күйінде сақталады.
Ведомствоның мәліметінше, мемлекет балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін Қазақстан аумағында да, шетелде де қорғауды қамтамасыз етеді.
Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық 7 айлық нәресте шетелден табылып, елге қайтарылғаны хабарланған еді.
