Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Қаңтар оқиғасына байланысты БҰҰ бітімгершілік миссиясына қатысып жатыр ма – Министр жауап берді

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов тұңғыш дербес бітімгершілік контингентіне баратын әскерилердің негізгі миссияларын атады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

 Фото: Stan.kz

Министр Жақсылықовтың айтуынша, бұл ең алдымен мемлекетіміздің әлемдік аренадағы беделі сонымен қатар қарулы күштердің атқаратын міндеттері. 

"Ол жерде әскерге шақырылғандар жоқ, тек кәсіби келісімшарт бойынша әскери қызметшілер мен оқудың толық циклін аяқтаған офицерлер", - деді Жақсылықов. 

Министрдің айтуынша, миссия тура бір жылға созылады.

Сондай-ақ БАҚ өкілдері “Қаңтар оқиғасы Қазақстан әскерилерінің әлеуетінің қандай екенін көрсетті. Осыны ескерсек, Қазақстан БҰҰ-ның тұңғыш дербес бітімгершілік контингентіне қатысу арқылы әскери соғыс тактикаларын үйрене ме?” деген сұрақ қойды. 

Алайда Руслан Жақсылықов мұнымен келіспейтінін жеткізді. 

“Бітімгершілік функциясы мен тапсырмаларын орындау кезінде біздің әскерилер соғысу тактикаларын үйренбейді. Бізде ең бірінші әлемдік тәжірибені өзімізге алу тапсырмасы тұр. Негізгі міндет бейбітшілік миссияларын тәжірибелі орындай білу, шабуылға қарсы тараптарды ажырату және басқа да міндеттер. Бұл соғыс та, әскери қақтығыс та емес”,- деп түсіндірді қорғаныс министрі парламент кулуарында.

Министр сондай-ақ, ҰҚК шекара қызметінің бұрынғы подполковнигі Ғалымжан Сәдуақасовтың “Қаңтар оқиғасы кезінде Қазақстан әскерінің ештеңеге дайын еместігін көрсетті” деген ойына қатысты пікір білдірді. 

“Егер біз Қазақстан қарулы күштері бас қолбасшысының алдымызға қойған міндеті мен тапсырмасын дұрыс орындамағанда, қазір біз мүлдем басқа мемлекетте өмір сүрер едік”, – деді министр.    

Еске салайық, шекара академиясының бұрынғы қызметкері қаңтар оқиғасы кезінде Көктөбе тауында шекарашылар мен ІІМ бөлімшелері арасында атыс болғанын мәлімдеген еді. Ол академиядағы тағы бір өлім оқиғасының ресми нұсқасын жоққа шығарды.

Талқылау