Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанға бір жылда сырттан 46,1 миллион долларға гүл әкелінген

Қазақстанға бір жыл аралығында сырттан әкелінген гүл бағасы 46,1 миллион долларды құрады. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігі жазды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Фото: pixabay

Ведомства дерегіне сүйенсек, елге импортталатын гүл мөлшері 9,7 пайызға артқан. Әсіресе раушан гүлдеріне сұраныс жоғары. 2022 жылы АҚШ-тан 30 миллион доллардың гүлі әкелінген екен. Негізінен Қазақстанға импортталатын гүл түрлерінің басым бөлігі АҚШ-тан жеткізіледі. Ол қатарда хризантема, қалампыр, орхидея, лалагүлдері бар. 

Министрлік, сонымен қатар экспорт көлемі де ұлғайып қалғанына тоқталған. 2022 жылы елдегі гүлдерді шетелдерге шығару 10,1 пайызға өсіп, 2,7 миллион долларды құраған.

Талқылау