Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтардың жалақы көрсеткіші төмендеп кетті

Биылғы жылдың екінші жартысында қазақстандықтардың нақты жалақысы 2,9 пайызға дейін төмендеп кетті.

Low-cost-budget-640x426

Бұл өзгеріс, әсересе, Атырау облысында байқалды. Сарапшылардың мәліметінше, қаңтар-наурыз айында Қазақстандағы жылдық жалақы 2 пайызды құрады. Ал орташа айлық жалақы 4,4 пайызға артты. Алайда күнделікті тұтынатын тауар бағасы өсті. Еліміздегі еңбек кірісінің бағасы төмен көрсеткішке ие болды, деп жазады Ranking.kz.

Жұмысқа жалдаушы ұлттық нарық сан көрсеткіштерін қалпына келтіргісі келгенімен өсім баяу. Қазақстанда қаңтар-шілде айындағы жұмысқа кірушілер саны 3,5 млн адам болды. Бұл бұрынғы жылдардан 1,5 пайызға ғана көп. Айта кетейік, биыл еңбек нарығындағы өсім тез арады қысқарып кетті. Соңғы бес жыл нәтижесі бойынша жұмысқа жалданушылар саны 2015 жылы 3,6 млн адамды құраған.

2017 жылдың екінші жартысында еліміздің Ақтөбе (1,3 пайыз) мен Маңғыстау (0,8 пайыз) облысында ғана жалақы көрсеткіші жоғары болды. Атырау облысында да жалақы көрсеткіші 2016 жылмен салыстырғанда 13,3 пайызға төмендеді. Астанада жұмысшылардың жалақысы инфляцияны қосқанда 0,1 пайызға аз. Алматыда нақты жалақы көрсеткіші минус 5,2 пайызды көрсетті.

Тағы да оқыңыз:

Елімізде жаңадан кәсіп ашқысы келетіндерге несие беріледі

Қазақстанның қай өңірінде қай мамандықтардың жалақысы жоғары

Денсаулық пен балалар: Қазақтар басты құндылықтары жайлы айтты

Талқылау