Қазақстандықтардың мейірімділігіне көзім жетті. Белгісіз ер адам тележүргізушінің тауарларына төлем жасады
Қазақстандықтардың мейірімділігі жөнінде желіде 31 телеарнаның жүргізушісі Асқар Меңдібаев әңгімеледі. Супермаркеттердің бірінен толтырып тауар алған тележүргізуші қалтасында бір тиын ақша мен банк карточкасының жоқтығын тек кассаға келген кезде аңғарған, деп хабарлайды Stan.kz.
“Азық-түліктерімді түгендеп болған соң, кассаға жақындадым. Кассир жалпы соманы айтқан сәтте ғана банк карточкасын жоғалтып алғанымды түсіндім. Анығында, мен оны жақын маңдағы банкоматтардың бірінде қалдырып кетіппін. Жанталаса сөмкемді, одан кейін қалтамды ақтарып, ақша іздедім. Кассирден азық-түлікке толған пакеттерді сол жерде қалдыруды өтіндім. Кезек болса ұзын-сонар. Мен алған тауарларымды кассада қалдыруға бел байладым. Сатушы бағдарламаны қалыпқа келтірмек болғаны сол еді, кезекте тұрған кісілер көмек қолын ұсынды. Қарызға ақша беретіндерін, оны кейін қайтарсам болатынын айтып жатты. Бас тарттым, өйткені қатты ыңғайсыздандым. Алаңғасарлығым үшін өзіме ұрыстым. “Өзіңе де сол керек, ынжық” деген ойым ақырында өзіме деген аяушылық және жек көрініштік сезімімен алмасты”, – деді бастан кешкен күйімен бөліскен Меңдібаев.
Ақырында тележүргізушіге Ринат есімді бейтаныс жігіт көмектескен.
“Маған жақын жерде тұрған ер адам ақша ұсынып, қабылдауымды қатты өтінді. Ол кез келген адамның карточканы банкоматта ұмытып кетуі мүмкін екенін, одан ұялудың өзі артық екендігін жеткізді. “Телефон нөміріңізді жазып аламын, кейін қайтарып бересіз” деп қоймады. Ақыры не керек, ол ақшаны қабылдадым. Себебі азамат оны маған шын ықыласымен бауыр ретінде ұсынды. Бір жағынан төлеуге тиіс болған ақшам да аса көп емес-тін”, – деп атап өтті Меңдібаев.
Тележүргізуші отандастарының мейірімділігі мен ашықтығына тағы бір рет көз жеткізгенін тілге тиек етті. Сөз соңында Асқар кез келген сауапты істің қайтарымы болатынын айтты.
Жіберіп алмаңыз:
Қызыма хат. Қазақстанда қыз болып туылудың кемшіліктері
Үйге кірді де жинай бастады: Алматыға келген келін пәтерді шатастырып алған
Шымкентте көліктер опырылып түскен асфальттің астында қалып қойды (фото)
Қазақстандықтарға жеке куәлігін ауыстыруға тура келуі мүмкін