Қызыма хат. Қазақстанда қыз болып туылудың кемшіліктері

Дүйсенбі, 19 Қыркүйек , 2016 17:13

Қазақстандық блогер Дамир Баймолдин қызына хат жазып, Қазақстанда қыз бала болып дүниеге келудің кемшіліктерін тізіп берді.

118855379_tumblr_m4ebwosEUd1qky0l5o1_1280

“Қымбатты, қызым! Сенің жолың болмады – өйткені сен Қазақстанда дүниеге келдің. Демек, бойжетіп, есейгеннен кейін қандай жолды таңдасаң да, жұрттың сынына қаласың. Әрбір еркек саған ескерту жасауды өз парызы санайтын болады. Оның себебі кез келген нәрсемен байланысты болуы мүмкін. Киіміңнен бастап, сөйлеген сөзің, таққан немесе тақпаған орамалың, қолданған тілің, сырт келбетің, қысқасы кез келген нәрсе үшін сөз естуің мүмкін. Басқасын айтпағанда, көлік жүргізуді шебер меңгерсең де, “қолына анар ұстаған маймыл” деп айтатын адам табылады. Оған ләм-мим деп тіл қатудың өзі артық. Сөйлеген сөзің жақпай қалса, соққының астында қаласың. Болмағыр “қатынның” сөзін басынан асырмайтын “азаматтар” сені ұрып-соғудан арланбайды”, – деп бастайды блогер хатында.


Сен Қазақстанда әйел заты болып дүниеге келдің. Егер жұмыс істеп, мансап құрсаң, елдің бәрі сені “перзентсіз жалмауыз” деп, ал күйеуге шығып, үй шаруасымен айналысатын әйел болсаң, күйеуің “мойныма масыл болдың, бір тиын тапқан жоқсың” деп ғұмырыңның соңына дейін айтып өтеді. Егер теңқұқықтық жайлы сөз қозғасаң, ел сені “феминист” дейтін болады (бұл сөзде бір жаманшылық бардай).


Сен Қазақстанда әйел заты болып туылдың. Сені өзіңе бейтаныс жігіт алып қашуы мүмкін. Ол аздай, оның ескі дәстүрді ұстанатын туыстары оны толықтай қолдап, полиция ондай жағдайға көз жұма қарай салады. Күн батқанда ол сені зорлайды, ал сен өмір бойы оның туыстарының қорлығына шыдап, жұмыссыз күйеуің ішкілікке салынады, ал сен өз балаларыңды өзің асырайсың, -деп жалғады сөзін.
—-
Сен Қазақстанда әйел заты болып дүниеге келдің. Сені күндіз де, түнде де, өз үйіңде де, қонақта да зорлап кетуі мүмкін. Құқық қорғау органдарына шағымдансаң, олар алқымыңнан алады. Әділдікке қол жеткізу үшін саған бүкіл елдің алдына шығуға тура келеді. Ақпараттық шу тудырған соң ғана полиция әрекетке кірісетін болады. Одан бөлек, қоғамның басым бөлігі кінәні өзіңе артады. Еркектер: «өзің кінәлісің», «ашық-шашық киінбеуің керек еді”, “тана көзін сүзбесе, бұқа жібін үзбейді” – деп айтатын болады.

Ал әйелдер елдің көзінше саған жанашырлық танытқанымен, өз араларында сынап-мінейді. Сол сәттен бастап қоғам сені жезөкше деп қабылдайтын болады. Үлгілі отбасыларға жолың жабылады, құрбыларың сені бұзылған қыз санаса, жігіттер сенімен тек көңілдес болуды көздейді, ал әйелдікке сендей қыздарды алмайды.

Алайда жапан даладағы ауылдардың бірінде дүниеге келсең, жағдайың бұдан да нашар болуы мүмкін еді. Ондай жағдайда сенің “биікке” көтерілер жалғыз жолың – жергілікті әкім орынбасарына не Агадыр стансасындағы полицейге, мектеп директорына немесе тағы бір жемқорға тұрмысқа шығып, ақсүйектің рөлін ойнау. Ол кезде бүтін бір ауылда қақпалары бірдей болып келетін ұқсас үйлер тұрғызылады. Бағың жанса, үйіңде барқыттан жасалған жиҺаз бен алтын түстес түсқағаздар болады. Мына өмір саған өз артықшылықтарын ұсынған екен – оны мейлінше өз пайдаңа асыр.

Өзіңді тастап кететін жігітке ғашық болудан Құдай сақтасын. Жеңілтектік абыройыңа мәңгілік мөр болып басылады. Ажырасуыңа Құдай жол бермесін. Әйтпесе сені кездесуге шақырған кез келген жігіт алғашқы күні-ақ өзіңмен жақындаспағанына таң қалады.


Егер байқаусызда бір жігітті ұнатып қалар болсаң, оның қазақ ұлтынан болатынына үміттенейік. Бір ұлттың өкілі болып туылу адамның қолында болмаса да, кездейсоқ құбылыс болса да – таңдаған жігітің қазақ болмай шықса, жұрттың бәрі сендерді сынайтын болады. Сендерді кез келген орында, тіпті, қоғамдық жерде бір ғана себеппен соққыға жығуы мүмкін. Себебі сендер “қанның тазалығын” бұзып, “намысымызға” сызат түсіресіңдер.

Қызым, егер де жігіттерді емес, қыздарды ұнататын болсаң – оны өмір бойы жасырып өтуіңе тура келеді. Тіпті, сенің достарың да мұндай жағдайда сені түсіне алмауы мүмкін. Басқалардан еш өзгешеленуіңе болмайды. Кері жағдайда елдің бәрі бетіңе түкіріп, қудалайды, қинайды. Тек сүйген адамыңның жанында жасандылық танытпауыңа болады.


Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Үйге кірді де жинай бастады: Алматыға келген келін пәтерді шатастырып алған

Дауыс беру. Қазақ аруы әлде Мисс Қазақстан: бәрінен де кім сұлу?

Дәрігерлер некенің ер адамдар үшін пайдасын анықтады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

19
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар