Үйге кірді де жинай бастады: Алматыға келген келін пәтерді шатастырып алған

Дүйсенбі, 19 Қыркүйек , 2016 14:51

Алматылық Дина Оразова есімді бойжеткен өзге біреудің үйін жинаған қазақ келіні туралы қызықты оқиғаны айтып берді.

29065275f61d8c3ff63b9db264faf0fa_cropped_612x408

Бұл туралы Stan.kz жазады.

«Мен студент болып жүргенімде үйге жөндеу жұмыстарын жүргіздік. Сол сәтте бір бейтаныс әйел кіріп келіп үйді жинай бастады.

Мен ол кезде асүйде тамақтанып отырғам. Ол келе салып үйді реттеуге кірісіп кетті. Бір кезде менің алдымда тұрған жұмыртқаны алып қоқысқа төкті. Сосын үстел үстін жинай бастады.

Мен бастапқыда не ойларымды білмей тұрып қалдым. Ә дегенде не сұрарымды білмей сасып қалсам керек, аузыме ешбір сөз түспеді. Бұл кісі біздің туысымыз ба екен деп те ойлап тұрмын ішімнен. Болмаса менің алдымдағы ыдысымда нем бар?

Ол барлық ыдысты реттестіріп, өзі кіреберіс бөлмені жинай бастады. Осы сәтте бөлмесінен шыққан анам да оған таң қала қарап қапты. Бір кезде менің жаныме кеп сыбырлаған үнмен:

«Кім бұл?» – деп сұрады. Мен білмейтінімді айттым. Өзінен сұраңыз десем, жоқ сен сұра деп анам тұрып алды. Сосын жанына бардым да:

– Эээ, сіз кім боласыз?

– Мен Пәленбайдың келінімін. Мінекей келдім.

Бұл жауапқа түсінбеген біз: “Кешіріңіз, ол кім Пəлембай деген?”

– Ой, ол Күлəш апайдың туысының туысы ғой.

Осы сәтте барып анам екеуміз «әәәә» десіп түсінгендей болдық.

– Бұл Күлəш апайдың үйі емес, ол кісі астыңғы қабаттада тұрады.

Сол сәттегі ол әйелдің қалай ұялғанын көрсеңіз. Беті алмадай болып қызарып кетті. Қолына тағы біреуміздің шұлығымызды ұстап алған. Естіген бойда оны еденге лақтырып жіберді де, асыға басып үйден зытып шықты.

Шынында да қазақ келіндері біреудің үйіне барса неге үй жинап кетеді екен?

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Төреғалидің әкесі елден жасырын түрде келін түсірді (фото)

Не себепті ер адамдарға ұялы телефонды қалтада ұстауына мүлде болмайды

Дастан Оразбеков келіншегі босанғанда қасында болып, ұлының кіндігін өзі кескен

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар