Төреғалидің әкесі елден жасырын түрде келін түсірді (фото)

Бейсенбі, 15 Қыркүйек , 2016 14:50

«Ұлы дала баласының» әкесі Төреәлі Төлепов келін түсірді. Алайда той жасырын түрде өткендіктен, журналистер думанды жиынға шақыртылмаған.

11950716_902705066474354_1218846665_n-620x414

«Жігіттер» тобының әншісі Бағлан Әбдірайымов бұл ақпаратты Астана телеарнасының «Ел аузында» бағдарламасына берген сұхбатында растады.

«Келін түскені рас, бірақ қай баласының үйленгенін айтпай-ақ қояйын. Өйткені Төреғалидің өзі отбасылық құндылықтарын жасырады. Сондықтан біреудің жанұясына араласпай-ақ қойғаным дұрыс шығар», – деді Әбдірайымов.

Иә, Төреәлінің әулетіне келін түскені расталды. Жалпы бұл отбасы жеке өмірлерін құпия сақтауды жөн көреді. “Қазақ қызға үйленем” деп ән салған Төреғали бірде бойдақ, бірде үйлі-баранды азамат. Ел арасында «Төреғали қызды ұзатып алып келіп, үйлену тойына дейін жеткізбей, ажырасып кетті» деген сыбыс та тараған. Алайда оның қаншалықты шындыққа жанасатыны белгісіз. Десе де Төреғалидің жеке өмірін құпия ұстап, бір сұхбатында: «Қатты үйленген жоқпын», – деп айтуы да ел аузындағы осы әңгімені растағандай көрінген еді. Биылғы жылдың наурыз айында желіде Төреғалидің заңды жұбайымен түскен суреттері тарады. Алайда Төреғалидің өзі бұған қатысты ештеңе демеді. Қалай болған күннің өзінде, шындық ертелі-кеш жария болады. Оны болашақтың еншісіне қалдырайық.

Ал Бағлан Әбдірайымов Төреәлі ағасын құттықтап: «Ол баяғыда түскен келін. Оңынан болсын. «Келіннің аяғынан» дейді. Алла қаласа, Төреәлі ағамыздың шаңырағын көркейтіп, тамырын кеңге жайып, абыройлы келін, салиқалы ана болуына тілектеспіз. Ұрпақ көбейсін», – деді.

14026578_1819060958326044_389004843_n

Фото: instagram.com/toregalitoreali

Жіберіп алмаңыз: 

Төреғали мен Ерке «Алло» әнінің жалғасын шығарды (видео)

Төреғали Төреәлі өзімен жанжалдасқан журналисті тағы әжуалады (фото)

Моңғол әншісі Төреғалидің әнін қазақ тілінде орындады (видео)

Төреғали Төреәлі «Біртүрлі қыз» әніне бейнебаян түсіріп жатыр

 

 

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев
  • ? says:

    Төреш қатын үстінен қатын ала беруін қоймайды екен. Не дейміз бақытты болсын.

    • Анонимно says:

      Фотода торегали емес,касындагы жигит емес пе куйеу жигит?

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
27.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар