Төреғали Төреәлі өзімен жанжалдасқан журналисті тағы әжуалады (фото)

Сәрсенбі, 31 Тамыз , 2016 10:44

Төреғали Төреәлі түсірілім кезінде өзімен бір кездері жанжалдасқан журналисті әжуалады. Суреті арқылы өзіне ұнаған қалыпта ғана тұратындығын жеткізді.

image

Фото: instagram.com/toregal=ruitoreali/?hl

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Төреғали Төреәлі студенттік шақтағы естеліктерін бөлісу үшін журналистерді білім алған ордасымен таныстырды. Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясында оқыған екен. Аталған ЖОО-да Асылхан Төлепов, Аян Өтепберген сынды актерлермен бірге оқыған сыңайлы. Өйткені оларды да түсірілім алаңына шақырған. Мұнымен қатар, жуырда үшеуі бірге түскен суреттерін бөлісіп, ұстаздарын таныстырған-ды.

Түсірілім барысында Төреғали Төреәлі бір кездері өзімен жанжалдасқан журналисті әжуалады. Асылхан, Аян үшеуі қолын артқа ұстап, өздеріне ыңғайлы кейіпте тұратындықтарын жеткізді. “Қолыңды түсіріп тұрсай” деп жазады Төреғали суретінің тұсына. Аталған сурет пен тұсындағы сөздердің кімге бағытталғанын желі қолданушылары бірден түсінді. Артынша түрлі пікір білдірді. Бірі Төреғалидің бұл қылығын сынаса, енді бірі орынды екенін айтып жатты.

“Қолыңды түсіріп тұрсай” дегенге ренжіп еді, енді өзі әжуалайтын болыпты”, “Сол жағдайға дейін тыңдаушы едім. Өнер адамы деген биік болуы керек. Кішіпейіл, әйел баласын сыйлауы керек деп ойлаушы едім…”, “Расымен де, көзге жағымсыз әрекет екен. Бекер айтпаған сияқты ғой”, “Мен де сол жағдайдан кейін ұнатпай қалдым”, “Өзің біл! Саған қалай тұрсаң да жарасады”, “Журналистің ондай сөздерін кез келген танымал адам көтере алмайды. Баянға сәл ұнамайтын бірнәрсе жазшы, бірден бұғаттап тастайды. Қыдырәлі ұрыса жөнеледі, Қайраттың анасы да осылай жасайды. Сол секілді барлығы жауап береді. Төреғали де адам ғой. Үйде отырып алып ақыл айтқанды доғарайықшы” дейді олар.

Естеріңізге сала кетсек, Шымкент қаласының кілем фабрикаларының біріне қонаққа барған әнші журналистердің бірімен сөзге келіп қалған болатын. Сол күні-ақ интернет беттерінде әншінің БАҚ өкілдерін тілдеген видео пайда болды. Артынша әнші өзін ренжіткен журналиске өлеңмен жауап берген болатын.


Жіберіп алмаңыз:

Төреғали Төреәлі Рио жеңімпаздарына өлең арнады

«Ордабасының» жартылай қорғаушысы Төреғалидің санынан ұстады (Фото)

Төреғали Төреәлі «Біртүрлі қыз» әніне бейнебаян түсіріп жатыр

Төреғалиді айыптаған Бүркіттің өз әні плагиат болып шықты

Төреғалидің әкесіне шай құйған Жазира сын астынды қалды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

5
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар