Төреғали Төреәлі өзін масқара еткен журналистке өлеңмен жауап берді

Сенбі, 2 Шілде , 2016 18:48

Әнші, айтыскер ақын Төреғали Төреәлі өзін масқаралаған журналситке өлеңмен жауап берді. Ол өзінің бұл ойын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

ггг

Журналист қыз, жөніңді біл…
Бос сөзбен былғамайық көңілді бұл,
Бір сәтте өте шығар өмір-дүбір.
Өз қолым, өз тұрысым, өз ұятым,
Журналист қарындасым, жөніңді біл!

Сен емес көңілімді күйрететін,
Сыйластық өз-өзіңді сыйлы ететін.
Үйретпе, үйренбеген дүниемді,
Əкем мен анашым бар үйрететін.

Алдымен ақылменен өлше тілді,
Ел-жұртқа көксегенің көрсетілді.
“Қолыма” тиіскенге қарағанда,
Қолыңнан келетіні сол секілді!?

Сенсация жасағаның барға мəлім,
Ол сенің – жалған кейпің, жалған арың.
Қарындас, қой ондайды,саған айтам,
Тыңдасын шу шығарған арналарың!

Бəрібір бұл ісіңнен түк таппадың,
Ал қолға өз-өзіңді мықтап, ханым.
Себеп жоқ жар салардай жұртқа жайып,
Керек жоқ су татитын сұхбаттарың!

Мейлі, бұл Төреғали жынды болсын,
Тек елге көрсетіңдер нұрлы жол шын.
Қолыма тиіскенше үйреніңдер,
Сендерге “Ұлттық арна” үлгі болсын!

Жарайды,несіне сөз шығындаймын,
Əдепсіз арналарға ұрынбаймын.
Қолымнан микрофон түскенінше,
Жолымнан Алла берген жығылмаймын!

Еске сала кетсек, “Ұлы дала баласы” реалити-шоуы аясында Шымкентке барған әнші, жергілікті журналистермен ұрысып қалып сұхбат беруден бас тартқан болатын.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

42
Комментариев

Пікір қалдыру

Сыпайы түрде ескерту болса, ештемеде болмас еді.Қазіргі уақытта, әйтеуір бәрі мінез көрсеткіш.

Мына журналистика дипломды сатып алғанау шамасы окымаган,мадениетсіз, тартіпсиз екен”Колынды тусірси артыннан,сонда камерага үйстіп турасынба” -деп халықтын сыйлы аншисине дорекі сөйлеуі тым орынсыз.”Кешириниз артыныздағы колынызды алып сойлейсізба” деп сыпайы түрде ымдап сураса Тореште дурыс жауап кайтарармеді.Арине журналистін созі кате,кімнің болмасын ашуына тиеді ғой…Сол сөзі үшін өзін жауапқа тарту керек жəне де Торештен халык алдында кеширим сұрау керек деп ойлаймын.

Мен бул видеоны коргем. Апанык коринип кыздын калай дореки сойлегени. Биреуди даттап биркюеуди жактагым келмейди. Мумкин Т.Т. да артык кеткен болар. Канша дегенмен кыздыки дурыс емес……

Жарайсың!!! Сауатсыз қаламгерлерге сабақ болсын, шығарған өлеңің. Ар адам өз орнын білген жөн деп санаймын. Ғаламторға не болса соны шығара салуға жол бермеу керек! Бірақ бұл сені үшін сынақ деп те айтуға болады…
Қашанда жүрегің сені ашуға бой алдырмасын деп тілеймін! Әндерің тамаша! Әсіресе әннің сөздерінің мағынасы қазағымның қаймағы бұзылмаған асыл сөздері жаныма майдай жағады. Алдыңнан қашанда жақсы жандар кездессін. Осы қалпыңнан тайма! Мықты әншілердің бірісің!!!

Акырзаман уакытында Аншимен молда кобеиетини рас екен

Төреғали “жұлдыз” ауруына шалдыққаны көрініп тұр. Сұхбат алушв Журналист қыздың ескертпесі өте орынды. Бір ауыз сөзден “не дейсің” деп адам менсінбей қарап , аспаннан салбырап түскендей тұру -өркөкіректік. “Қолыңды түсір” дегенде түсіре салса , жұртқа журналистер қауымының көмегі арқылы көтерілген Төреғали тағынан түсіп қалмайды…

Журналист кызды неге коргенсиз, уятсыз деп ойларынызга келгенин айтасыздар ?! Ол кыздын ескертуи негизи дурыс. Туру. Отыру , сойлеу, сойлесу мадениети бар емес пе. Этика, эстетика деген тагы бар. Журналистерге интервью бергенде, халык алдына шыкканда еки колды артка устау жараспайды. Арине, ким болса да ози биледи колды калай устайтынын, Ол озинин мадениетин билдиреди. А, жаксы, деп колды жибере салса киширейп кетем деп ойлаган шыгар “жулдыз”. Атештенип, созге ерегесип… Типти , енди , коргенге уят екен.

Оз енбектеримен котерилип укиметтен бир тенге жемей котерилген аншилерде журналистердин шаруасы не мыкты болса министр депудаттарды маскараламайма

Журналист кыз , сени кандай адам жиберген сухбат алуга?!, билимсиз адам да сен сиякты сойлемейди. Елге озинмен коса баскаларды да уятка калдырдын.уят ай. Журналистика тугили копшилик орында еден жууга да жарамайсын.Ол да онер.Ендигари копшиликке жолама, озимизге озимиз кулки болып.

Олай айтпаныз. Кимнин еден жуатыны? Ол да енбек.

Әркім өзі біледі калай тұру керектігін.Көре алмаушылық қазақтың қанында барго. Төреш еш мойыма Алға

Коре алмау? ))))) ха-ха

Казактын жигиттерин аяктан шалуды кою керек

1 2 3
wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
24.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар