Төреғали Төреәлі бұл жолы Шымкентте шу шығарды

Жұма, 1 Шілде , 2016 22:00

Төреғали Төреәлінің жүйкесі сыр бере бастаған секілді. «Қолыңызды түсіріп тұрып сұқбат беріңізші» деген журналистің өтінішіне бола шу шығарды дейді.

шууу

Бұл туралы baq.kz сайты жазды.

Осыдан біраз бұрын танымал әнші Қайрат Нұртас Шымкенттегі «Назар текстиль» кілем фабрикасында болып, отандық өнімді жарнамалау мақсатында аталмыш фабриканың өнімін сатып алған болатын.

Ел еркелеткен Төреш әнші де өнердегі ағасының жолын қайталағысы келді ме, аталған өндіріс орынына барып 12 мың теңгеге кілем сатып алды. Тіпті, Қайратты айнытпай қайталауға тырысты ма, көзінен көзілдірігін де алмай, екі қолын артына ұстаған маңғаз әншіден әріптестеріміздің бірі камера алдында қолын түсіріп тұрып сұқбат беруді өтінген еді, жас әнші шат-шәлекейі шығып ашуланды. Бұған әншінің әрі әкесі, әрі продюссері де қосылып, «Сендерді мұнда кім шақырды?» деп тепсінді.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің шақыруымен келген журналистер әкелі-балалы өнер иелерінің мұнша бүлінгенін түсіне алмады.

Концерт алдында келуге келісім берген жас әнші белгіленген уақыттан бірнеше сағатқа кешігіп келгенімен қоймай, журналистерге дауыс көтергендігі жас әншінің жұлдыздық аурудың буына мастана бастағанынан болса керек. «Ұлы дала баласы» деген тақырыппен кешін өткізбек болған әнші «ұлы дала баласына тән дархан мінезді» бола алмайтынын аңғартты.

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

24
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар