Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Төреғали Төреәлі Рио жеңімпаздарына өлең арнады

Төреғали Төреәлі қазақ халқының қуанышын бөлісті. Ол Рио Олимпиадасының жеңімпаздарына деген ақ тілегін бірауыз өлеңімен жеткізді.

14072905_684470865048681_1156373772_n

Фото: instagram.com/toregal=ruitoreali/?hl

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Төреғали Төреәлі Рио Олимпиадасының жеңімпаздарына деген жылы лебізін өлең арқылы жеткізді. Ол аталған өлеңде Данияр Елеусінов пен Әділбек Ниязымбетовтың шаршы алаңдағы ерен еңбектерін тілге тиек етті.

“Көтерді туды жұмылып бəрі,
Қиын сынақтан бұғып, ықпады…
Данияр менен Əділбектерім,
Алаштың алтын жұдырықтары!

Ұлдарды осы ұлы санайық,
Мақтанышпенен тыныс алайық.
Аңсаған сәтте алтын алайық,
Шаршаған сəтте күміс алайық!” – деп жазады Төреғали өзінің желідегі парақшасында.

Барша желі қолданушылары әншіге қосылып, қазақтың қос батырын құттықтады. Әсіресе, Әділбекке демеу көрсетіп, оның әлі талай жеңіске жететінін айтып өтті.

“Әділбек, күміске де шүкір. Алтынды Алла бұйырса аласың әлі. Сен мықтысың. Алланың қалауы осы болды. Біз сенімен біргеміз”, “Біздің қазақтар алтыннан басқасын қанағат тұтпайды ғой. Әділбек жылап тұр. Қанағат деген сөз болады. Сендерге үлкен рахмет, қазақтың алтын баласы мен күміс баласы. Мұны үлкен жетістік деп есептеймін”, “Алтын болсын, күміс болсын, ең бастысы, өзіңіз амансыз! Алла жар болсын!”, “Қазақтың көк туын өзге елде желбіреткен осындай жігіттер аман болсын” дейді олар.


Жіберіп алмаңыз:

«Ордабасының» жартылай қорғаушысы Төреғалидің санынан ұстады (Фото)

Төреғали Төреәлі «Біртүрлі қыз» әніне бейнебаян түсіріп жатыр

Төреғалиді айыптаған Бүркіттің өз әні плагиат болып шықты

Төреғалидің әкесіне шай құйған Жазира сын астынды қалды

Талқылау