Дәрігерлер некенің ер адамдар үшін пайдасын анықтады

Жексенбі, 18 Қыркүйек , 2016 12:14

Йокогама қалалық университетінің мамандары некенің ер адамдар үшін пайдасын анықтады.

1368613200

Зерттеу нәтижелері жыл сайын Мюнхенде өтетін диабетті зерттеу бойынша еуропалық ассоцияациясының жиынында жария етілді, деп хабарлайды The Daily Mail.

Ғалымдар бойдақ жігіттердің үйленген еркектерге қарағанда артық салмаққа екі есе көп тап болатынын анықтады. Атап айтсақ, үйленген ер адамдарда қант диабеті, жоғары қан қысымы мен семіздіктің метаболизмдік синдромдары сирек байқалады екен.

Дәрігерлер орташа жасы 65 болатын 270 ер адамды зерттеуге алды. Қатысушылардың түгелінен дерлік қант диабетінің екінші типі табылды. Олардың ішінде 180 адам үйленген болса, 90-ы — бойдақ.

Ғалымдар қатысушылардың дене салмағы мен ондағы майлы тіндердің құрамын анықтаған. Зерттеу нәтижелері орта есеппен алғанда үйленген еркектердің бойдақ жігіттерге қарағанда семіздік ауруына екі есе аз шалдығатындарын көрсетті.

Отбасылы ер адамдарда майлы тіндердің мөлшері орта есеппен 18,9 келіні құраса, бойдақтарда — 23,5 келіге жеткен. Үйлі-барандыларда метаболизмдік синдромның даму мүмкіндігі 58 пайызға төмен болып шықты.

Дәрігерлердің пайымдауынша бұл құбылыс тек ер адамдарға тән, әйел затының артық салмақ қосуы тұрмыс құру-құрмауына байланысты емес. Оған себеп – отбасылы азаматтар дұрыс тамақтанып, медициналық көмекке уақытылы жүгінуінде.

Жіберіп алмаңыз: 

Анардың 10 түрлі пайдасы

Шай: пайдасы мен зияны

Күнге қыздырыну: пайдасы, зияны

Жылы су ішудің денсаулыққа пайдасы

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар