Қазақстандықтар неліктен әдейі адам өлтіруге құмар: Прокурор басты себептерді айтты
Қызылорда облысының прокуроры Халидулла Дәуешов заңдылықты сақтау үшін координациялық кеңестің кезекті отырысында адамдардың неліктен қанды өлімге құштар болып кеткенін айтты.
Бұл туралы Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлайды.
“Біріншіден, бұл – отбасылық жағдайдағы тұрмыстық ұрыс-керістер. Екіншіден, алкоголь. Алкогольді мас күйдің кесірінен өлімнің 60 пайызы орын алады. Көп адам ішіп алған кезде жағдайды бақылай алмай, эмоциясына ие бола алмай, қауіпті қадамдарға барып қояды. Үшіншіден, зардап шегушілердің виктимді тәртібі. Көп жағдайда зардап шегушілердің шектен тыс ашуы, арандатушылық сөздері адам өлімінің туындауына әкеп соғады. Төртіншіден, өкілетті органдардың лайықты профилактикалық шараларды атқара алмауы жүгенсіздікке алып келеді”, – деді Дәуешов.
Анализ көрсеткендей, әдейі адам өлтіру негізінен алкогольді мастыққа бой алдырған отбасылық-тұрмыстық жағдайлар кезінде көп болады екен.
Оқи отырыңыз:
Алматы облысында 22 жастағы мүгедек қызды зорлаған ер адам жазасыз қалған
Астаналықтар теміржол вокзалына қала ішілік пойызбен қатынайтын болды
Аса қауіпті қылмыскерді ұстағаны үшін екі полицей жұмыстарынан қуылған