Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар “Көрісу” мерекесін атап өтіп жатыр

Қазақстандықтар, әсіресе батыс өңірінің жұртшылығы дәстүрге сай 14 наурыз күні амал мерекесін бастайды. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Безымянный

Фото: Қазақстан тарихы

Қазақстанның батыс аймақтарында бұл мерекеге “Көрісу” деп ат қойылып, айдар тағылған.

Бұл күні адамдар бір-бірімен құшақ айқастырып, төс қағыстырып амандасып, “бір жасың құтты болсын!”, “жылдан есен шығуыңмен” деп құттықтайды.

Маңғыстаулықтар Наурыз мерекесін жылына екі рет (14 мен 22-ші наурыз күндері) тойлайды. e-history.kz сайтының мәліметінше, ғалым Андрей Аставьев өлкенің тарихын ұзақ уақыт бойы зерттей отырып, Амал мерекесінің тамыры моңғол мен тувалық халықтарында жатыр деп анықтады. Адай руының аңыздары бойынша адамдар Үстірт аймағы мен Маңғыстау түбегіне шығыстан келген. Бәлкім, осы жерден-де өздерімен бірге күнтізбелік жүйесін алып келген. Моңғолдар күнтізбесіне сәйкес бір аптада тоғыз күн болған еді. Ал күнтізбенің өзі 22 желтоқсаннан басталады. Күнтізбедегі төрт маусым (көктем-жаз-күз-қыс) тоғыз күннен тұратын кезеңдерге бөлінген. Қысқы күн тоқырауы кезеңінен Жаңа жыл басталып, содан бері күн ұзақтығы созылады.

1207a78dd0695116f4c5f5fe6d1a8ec0

Ал 23 желтоқсан − 14 наурыз аралығындағы уақыт — қысқы осындай тоғыз аптадан тұратын кезең. 14 наурыз күні көктем келіп, жапырақтар бүршік түрінде болып, көкек ән салып тұрған… Көктемнің тоғызыншы күні күн мен түннің теңесу күні тойланады. Көне күнтізбедегі көктемгі күн мен түннің теңесу күні Маңғыстау түбегіндегі Наурыз мерекесін тойлауға тікелей қатысты болады, бәлкім, 18 ғасырдың бірінші жартысында осы дәстүр адай руынан шыққан қазақтармен бірге Маңғыстау өңіріне «көшкен».

Мерекелік күні таңертең ерте тұрып, іңір қараңғысы түскенше барлық туыстар, достарына барып келіп, 40 үйдің есігін ашу керек. Амалдың бірінші амалы — көрісу. Оны жұрт бір-бірімен төс қағыстырып, құшақтасу жолымен жасаған. Жұрт соның үстінде бір-бірлеріне жақсы тілектер тілеген.

c7d109db54f2112f487942bddcc9dc36

Маңғыстаулықтар Амал мерекесін Отпан тауында тойлайды. Аталмыш мейрам «Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде басталады. Маңғыстаудың биік шоқысы-да осы Отпан тауы (Балтық теңізі деңгейінен 532 м). Оның басында Адай — батыр мен тарихи тұлғаға — арналған 37-метрлік ескерткіш орнатылған. 2007 жылы Адай батырдың құрметіне «Отпан тау» тарихи-мәдени кешені ашылды. Мұнда-да екі стела бой көтерген, олар Адай атаның (Адай руының бабасы) екі ұлын (Құдайбеке мен Келімберді) бейнелейді. Сонымен бірге, Ұлы қаншық қасқырдың мүсіні орнатылған. Аңыздарға сенетіміз болсақ, ол бүкіл түркі халқының бабасы болып табылып, күш пен рухтың еркіндігінің бейнесі болып саналады.

Жергілікті халық — адайлықтар — өз бабаларының салт-дәстүрлерін қадірлейді. Сондықтан да олар дастархан жайып, өздерінің ет жақындарын жинап, маңғыстаулық Наурыз мерекесін тойлайды. Халық наурыз көже және Маңғыстау өңірінде ғана әзірленетін кейбір тағамдарды жасауды міндетім деп санайды.

fd40338b2875e12d642536a669f12773

Этнограф мамандардың айтуынша, 14 наурыз қазақтарда жылдың бастауы ретінде саналған. Ертедегі көшпелі заманда халқымыз күн мен түннің теңесуіне толық бір апта қалған кезде малдарын санап, қыстан аман шыққандарына қуанып, бір-бірімен қуана көрісетін болған. Сосын сәйкесінше Наурызды қарсы алу қамына кіріседі.

Бұл дәстүр көбінесе Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында сақталып қалған. Ал еліміздің басқа аймақтары бұл мерекені атап өтпейді десе де болады.

Оқи отырыңыз:

Таразда із-түссіз жоғалған келіншек пен 17 жастағы жеткіншек іздестіріліп жатыр

Ақтөбелік әйел тергеушімен интимдік қатынасқа барғанын сот кезінде айтып берді

Қызылордалық азамат сағатына 200 шақырым бағындыратын Волга көлігін жасап айдап жүр (фото)

Полиция жүргізуші куәлігін сатып алдым деп мақтанған қызға қатысты ақпаратты тексеріп жатыр

Талқылау