Қазақстандықтар қан тапсырып iPhone 7 телефонын ұтып ала алады
Өз еркімен қан тапсырған донорлар лотереяға қатысып, iPhone 7 ұта алады.
Қазақстанның Қызыл Жарты айы әлеуметтік жобаны бастады, соның аясында қан донорлары iPhone 7 ұта алады, деп хабарлайды Sputnik.
Ұйымның баспасөз хабарламасына сүйенсек, жобаның мақсаты Қазақстан халқы арасында өз еркімен қан тапсыру үрдісін насихаттап, дамыту мәселесі бойынша ерікті бастамаларға қолдау көрсету болып табылады.
Науқан шарты бойынша, 2017 жылғы 15 қараша мен 2018 жылғы 30 қаңтар аралығында қан тапсырған әр адам науқан демеушілері ұсынған iPhone Red телефонына ие болуы мүмкін.
Ұйымдастырушылар әр екі апта сайын бір iPhone 7 Red ойнатып отырады. Сонда донорлар арасында барлығы он iPhone 7 Red ойнатылады. Жеңімпаз кездейсоқ сан генераторы көмегімен анықталмақ.
Бұдан бөлек, әлеуметтік жобаға қатысушы әр донор 500 бонустық картаға ие болып, оны электронды техника дүкендерінде пайдалана алады.
Тағы да оқыңыз:
Ресейде жолаушылар мінген ұшақ апатқа ұшырады
Зағипа Балиева қазақ әдебиетін ағылшын тілінде оқытуды ұсынды
Қаржы министрлігі мен СІМ Үкімет өкілінің Парижден 65 млн еуроға пәтер сатып алғанынан хабарсыз