Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар Иманғали Тасмағамбетовті 60 жасқа толған туған күнімен құттықтауда

Бүгін Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Иманғали Тасмағамбетовтің туған күні. Еліміздегі белді саяси тұлғалардың бірі алпысты алқымдады. Ол 1956 жылы 9 желтоқсанда қазіргі Атырау облысының Махамбет ауданында дүниеге келген.

a83

Иманғали Тасмағамбетовтің Қазақстанның саяси аренасында алар орны ерекше. Осы орайда қазақ халқы Имаш аға деп атап кеткен саясаткерді туған күнімен жарыса құттықтауда.

Журналист Ержан Байтілес: «Бір жылда көңіліміздің өзгерген ештеңесі жоқ. Асқаралы алпысыңыз, тал түсіңіз құтты болсын, Имаш аға! Жасай беріңіз! Алаш үшін аман болыңыз!» – деп ақ тілегін жолдаса, Қорғаныс және аэроғарыш министрінің баспасөз xатшысы, ақын Ақберен Елгезек Иманғали Тасмағамбетовтің ел тәуелсіздігінің нығая түсуіне қосқан үлесін саралап берді.

«Елбасының сенімді сардары әрі серігі ол ешқашан аттан түскен емес. Себебі, Президент адам танитын кісі. Оған Тәуелсіз мемлекеттің іргетасын қаласатын ішкі энергиясы мол қайраткерлер керек болатын. Таңдау Тасмағамбетов секілді ат төбеліндей шоғырға түсті және олар қолдан келгенше басшысына көмектесе білді, елге қызмет етті.

Біздің Тәуелсіз заманымыздағы елдің тағдырына елеулі әсер еткендердің бірі осы – Имекең. Әлі де қолынан келген шаруаны істеп жүр. Сол үшін раxмет айталық. Иманғали Тасмағамбетов – Алаштың, тәуелсіздіктің өнімі. Ол біздің Қазақтың ішінен түлеп ұшқан сұңқар. 60 жылдық мерейтойы құтты болсын! Жақсы жас, Имекең зор абыроймен жеткен тамаша белес. Әлі де Имекеңе Тәңір Отанымыздың, ұлтымыздың өсіп-өркендеуіне еңбек етуге зор денсаулық, қажымас қайрат-қуат, ұзақ ғұмыр нәсіп етсін деп тіледік!» – деп жазды ол.

Сол сияқты танымал ақын Маралтай Райымбекұлы Тасмағамбетовке өлең арнады.

15350710_1833439963544002_5736961819662823022_n

«Көне түркі жазба ескерткіштерін заңды мұрагерлерімен қауыштырудағы Иманғали Нұрғалиұлының сіңірген орасан зор еңбегіне уақыт өз бағасын беруге тиіс», – деп жазды ол.

АЛТЫНТАС

Алтын да – тас, тас та – тас,

Бірақ, мынау мүлде басқа, басқа тас…

Тас балқыса алтын тамшы тамар ма,

Алтын балқып тас қалпында қалар ма?!

…Ұлы Дала Көк Тәңірден көктеген,

Ұлдар туған ырыс-құтын төкпеген.

Түн баласы көз ілмеген тағы да,

Күн баласы отырмаған тағына.

Сөз кетсе де, Көз қаларын білді ме,

Көз кетсе де, Сөз қаларын білді ме?!

Түсінетін бас қаларын білді ме,

Бас кетсе де, тас қаларын білді ме?!

Дархан далам тасқа айтып арманын,

Тасқа жазған дүниенің жалғанын.

Кеш батқанда жұлдызбенен үндескен,

Күн шыққанда көбелекпен тілдескен.

Жаз келгенде жаңбырменен жуынған,

Қыс түскенде ызғарынан суынған.

Бабалардың көзі емес пе мына тас,

Бабалардың өзі емес пе мына тас?!

Тұра берген жүз жыл, мың жыл, мәңгілік…

Ұлы Дала салтанатын ән ғылып.

Тек сәл ғана қамығатын секілді,

Қамықса жас ағылатын секілді.

Ықтап, ығып маңып кеткен ұрпағын

Көргісі кеп сағынатын секілді.

Тастың-дағы тағдыры бар – танысаң,

От ұшады қылышыңды жанысаң.

Тасқа жазған сол Рухтан дәт алып,

Сол Рухта дұшпандармен алысам.

Тастың-дағы жүрегі бар көргенге,

Тастан жүрек көре ала ма көркеуде?!

Азат, еркін көк байрақты байтаққа,

Жеткісі кеп жете алмай тұр шерменде.

Өн бойына жинап асыл қуатын,

Мирас еткен Мәңгілік Ел мұратын.

Бір жұмбақты шешетіндей мына тас,

Әлде бір мұң кешетіндей мына тас.

Әлде кімді күтетіндей мына тас,

Әлде қайда көшетіндей мына тас.

… Тас балқыса алтын тамшы тамар ма,

Алтын балқып тас қалпында қалар ма?!

Жат қолында түйір тасын қалдырмас,

Алтын Ерлер аманда…

Иманғали Тасмағамбетов 1979 жылы Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының жаратылыстану-география факультетін, география және биология мамандығы бойынша тәмамдады. Философия ғылымдарының кандидаты. «Экологиялық мәселелердің дүниетаным аспектілері» кандидаттық диссертациясының авторы. Саяси ғылымдар докторы. Докторлық диссертациясының тақырыбы – «Транзиттік саясат жүйелеріндегі әлеуметтік саясат». Қоғамдық-саяси өмірдегі өзінің белсенді позициясын Қазақстанның ЛКЖО ОК бірінші хатшысы (1989 жыл) және Қазақстан Республикасының Жастар істері бойынша Мемлекеттік комитетінің төрағасы (1991 жыл) жауапты лауазымдарында таныта білді.

2016 жылдың қыркүйек айынан бастап Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды.

Жіберіп алмаңыз:

Дональд Трамп Қазақстанның Қашағанды игеруін ғажап оқиғаға балады

Нұрсұлтан Назарбаев жаңа министрлік құруды ұсынды

Бекболат Тілеухан министрден Facebook желісін ауыздықтауды сұрады

Сағынтаев: Қыз ұзатылуға дайын, бiрақ алатын ешкiм жоқ

Талқылау