Қазақстандықтар енді заңсыз алкогольдік өнімдерді смартфон арқылы анықтай алады
Қазақстанда тұңғыш рет заңсыз алкогольдік өнімдерді анықтауға арналған мобильді қосымша пайдалануға берілді. Бұл туралы бүгін Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінен хабарлады.
«Wipon» – бұл қолдан жасалған жасанды өнімдерді анықтауға және қауіпсіз тұтынуды қамтамасыз етуге арналған тегін мобильді қосымша.
«Алкогольдік өнімдерді сатып алар алдында оның есеп-бақылау маркасын бірнеше секундтың ішінде сканерлеп, өнімнің заңдылығын тексеруге болады. Ал бұл, денсаулықа зиянды, заңсыз өнімдерді сатып алудан қорғайды», – делінген хабарламада.
Wipon деп аталатын бұл мобильді қосымшаны iOs, Android и Windowsphone операциялық жүйесіне жүктеуге болады. Есеп-бақылау маркасын сканерлгеннен кейін, мобильді қосымшада алкогольдік өнімнің шынайылығы туралы ақпарат пайда болады.
Сканирленген деректер онлайн режімінде ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне жөнелтіледі. Бұл, деректерді тез өңдеуге және комитеттің ішкі шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.
Жақын уақытта елімізде басқа да тауарлардың шынайылығын тексеруге арналған Wipon мобильді қосымшалары пайда болады», – делінген департаменттің хабарламасында.
Жіберіп алмаңыз:
Уганда билігі жергілікті тұрғындардың смартфонынан порно іздейтін құрылғы сатып алды
Үнді жігітің қолында тұрған смартфон күтпеген жерден жарылып кетті (видео)
Білім министрлігі мектепте смартфонға тыйым салуға қатысты пікір білдірді