Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар еміне қаржы жинаған 4 жасар сәби көз жұмды

Жүрегіне операция жасалуы тиіс 4 жастағы шымкенттік Виола Балан қайтыс болды. Қазақстандықтар еміне қаржы жинаған 4 жастағы қыздың жүрегінде ақауы болған. Бұл туралы қыздың желі парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz.

«Құрметті біздің жақындарымыз, осыдан екі сағат бұрын біздің Виоламыз қайтыс болды. Бұл біздің барлығымыз үшін орны толмас өкініш. Бір кездері Виоланың әрі қарай өмір сүруге деген үмітін оятып, оның анасымен бір жыл бойы бірге болуына үлес қосқан азаматтардың барлығына рахмет!»,-деп жазды қыздың туған-туыстары Instagram парақшасына.

Айта кетейік, ұзақ уақыт жасалған емнен кейін қыз тамақ ішпей, өзін тым мазасыз ұстаған. Оған Германиядағы жүрек орталығында ота жасау үшін 50 мың доллар қаражат қажет болған. Оны қазақстандықтар мен өзге де шет мемлекеттердің азаматтары жинады. Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Виола Баланды Берлиндегі неміс жүрек орталығына жіберу мәселесін шешкен еді.

2016 жылдың қарашасында Виолаға Берлинде операция жасады. Осыдан бір ай бұрын қыздың денсаулығы қайта нашарлай бастады. Ол Астанадағы клиникалардың бірінде жансақтау бөлімінде жатты. Виолаға екінші рет операция жасалуы керек еді.

Бұған дейін, шымкенттік 8 жасар қыз  оның емі үшін бұрымын кесіп сатқан еді.

Тағы оқыңыз:

Дәрігерлер магнит жұтып қойған баланың денсаулығы туралы айтты

Алматы облысында 7 жасар бала мектеп ауласындағы арыққа құлап, қайтыс болды

Әкесі байқаусызда екі жасар ұлын өлтіріп қойды

Жамбыл облысындағы ауылдарды топан су басып, көліктерді ағызып әкетті

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр