Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар доллар сатып алуды тоқтатты

Қазақстан тұрғындарының америкалық валютаға деген қызығушылығы төмендеген. Жыл осындай антирекордпен басталып отыр. Айырбастау бекеттері небәрі 615 миллион долларды саудалап, 40 пайызға нәтижелерін төмендетіп алған.

16130-6-obmennye_punkty_v_asta_ru

Фото: Liter.kz

Бұл туралы ranking.kz сарапшылары мәлімдеді.

Қаңтар айының қорытындысы бойынша ҚР тұрғындары айырбастау бекеттерінен 302,3 миллиард теңге сатып алған. Бұл үш жылдағы ең төменгі көрсеткіш. 2016 жылдың қаңтар айынан бері 34,2 пайызға қысқарған.

Биылңы жылдың қаңтар айында қазақстандықтар айырбастау орындарынан небәрі 651 млн доллар сатып алған. Бұл 2016 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 28,5, ал қаңтар айымен салыстырғанда 39,3 пайызға кері кету.

Ал кіші валюта қоржынындағы өзге екі валютаға деген сұраныс артқан: сатып алынған рубль көлемі 10,8 миллиард. Бұл 2016 жылдың қаңтар айымен салыстырғанда 16,2 пайызға көп.

Талқылау