Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар дәрігерлердің өздерінен қалай ақша жымқырғандары туралы айтып берді

Дәрігер Әнуар Амановтың қоластындағыларға берген кеңесі қарашаны ашуландырды. Енді жұрт желіде дәрігерлерге қалай алданғандары туралы жарыса жазып жатыр.

00014e19108d4c6e3ce2d415afd024bb

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Бірнеше күн бұрын желіде таралған бас дәрігердің бір жиында ауруларға қымбат және қажет емес ем-дом тағайындау арқылы медқызметкерлерді ақша табуға шақырған видеосы қызу талқыға түсті. Аталған видео 2015 жылы түсірілген екен. Осыған орай, Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі тексеру жұмыстарын бастады. Көп ұзамай видеодағы дәрігерлерді науқастарға жалған айтуға мәжбүрлеген бас дәрігердің кім екені анықталды. Ол – № 4 емхананың бұрынғы бас дәрігері Әнуар Аманов. Дәрігер 2016 жылы №7 емханаға ауысып кеткен екен. Тергеу жұмыстарына байланысты ол уақытша қызметінен босатылды.

Жоғарыдағы видеоны алғашқылардың бірі болып Санжар Боқаев есімді қолданушы бөлісті. “Жиналыс барысында бас дәрігер науқастардан қалай ақша алу керектігін үйретіп жатыр: ойдан диагноз қою, қымбат дәрілер жазып беру және қымбат мамандардан консультация алуға жіберу. Олардың да жоспары бар. Бас дәрігерлер қатардағылардан бізге ойдан ауру ойлап табуды талап етеді. Мен Гиппократқа берілген ант туралы айтпай-ақ қояйын. Себебі, ол көп адамның есінде жоқ. Бірақ адамгершілік қайда қалды? Онсыз да сырқаттанып жүрген адамдарды алдауға қалай ғана дәттері барады? Бұл медициналық орталық туралы білгім келеді. Қазақстандық екені көрініп тұр. Осы бас дәрігерді жұмыстан шығаруды және бізге түсініктеме беруді талап етуіміз керек. Видео WhatsApp арқылы келді”, – дейді Санжар Боқаев.

Осы жазбадан кейін желі қолданушылары бастарынан өткен оқиғаларын бөлісе бастады.

Гүлбаршын Қоңырова:

Көп нәрсенің жай-жапсарын енді түсініп жатқандаймын. Өткен жылы мені магний е мен өзге анализдерді 72 000 теңгеге өтуге мәжбүрлеген болатын. Мұнымен қатар, окулиске, кардиологқа және көптеген өзге дәрігерлерге баруым керектігін айтты. Мен барлығын тастап, Қытайға ұшып кеттім. Ол жақта небәрі 3 анализ тапсырдым. Нәтижесін сай ем тағайындап, маған денсаулығымда алаңдайтындай аса маңызды ешнәрсе жоқ екенін атты. Маған өздерінің телефон нөмірлерін берді. Хабарласқан сайын есімімді атап тұрып жылы қабылдайтын.

Зара Асылхан:

Айтарға сөзім жоқ! Дәл осындай жағдай менің де басымда болған еді. Өткен жылы мені уролог дәрігер алдап соқты. Ол мені тексеру барысында 200 мың теңге алды. Соңында “Не істейтінімді білмеймін. Президенттік бөлімге барыңыз” деді. Оның әрқайсысы 15-30 мың теңге тұрады. Суреттерден 26 жастағы қыздың бүйрегі қайда екенін, артроздың қайда екенін түсінбей тұр. Өздері немен айналысып отырғандарын білмейді. Оның үстіне өзі профессор екен.

Вероника Жілікбаева:

Алматы қаласы Төле би көшесінің бойындағы көз институтына осылай түстім. Ол уақытта көзім ісіп кеткен болатын. Шіріктің бар екені де бірден байқалып тұрды. Алайда дәрігер мені окулиске, рентгенге және т.б. дәрігерлерге жіберді. Ашық түрде ары-бері кабинеттерге кіріп шықпайынша, тексермейтіндерін мәлімдеді. Осы дәрігердің қабылдауының өзіне 3 000 теңге бердім. Бұдан өзге диагнозды қате қойған тағы да бір дәрігерге 2 000 теңге беруге мәжбүр болдым. Ол көзімдегі астигматизмді көрмеген екен. Осы ауруханадан нәтижесіз қайттым. Сондай жиіркенішті! Мен ақылы бөлім туралы айтып жатырмын. Сол жердің өзінде науқастарға зекіп сөйлейді. Отаным үшін мұңаямын.

Бәтима Мукушева:

Менің анам медбике. Қазір зейнетке шығып, үйде отыр. Осы жаңалықты естігеннен кейін қатты шошынып қалды. Медбике болып жүріп әйелдерді босандырды, түрлі ота жасады, шақырған жерлерге барды. Қазір ол жұмыс істеген жерде туған қыздардың жартысының есімі – Гүлдана. Ал 70 және 65 жастағы екі ағамды науқастар қатты жақсы көреді. Видеодағыдай дәрігерлердің арқасында осындай ақ халатты абзал жандардың есіміне кір келетіні өкінішті.

Джулия Крейднэр:

Біз қазір бір медициналық орталыққа барып жүрміз. Аяғым ауыр кезде сол жерге кезекке тұрғанбыз. Енді балам да осы медициналық орталықтағы екі кешенді бағдарламаға ілікті. Бірде бір дәрігер бізге артық анализ немесе дәрі тағайындаған емес! Тек керек кезде ғана кеңестерін айтып отырады. Сіздің анаңыз секілді дәрігерлердің әлі де бар екеніне сенімдімін!

Нұрман Тоқпанов:

Иә, дәрігерлер бізден оңай жолмен ақша алып қалуға тырысады. Айтпақшы, осы оқиғаға байланысты мына жәйтті айтып өткім келіп тұр. Жаңа УДП орталығында менен дәрігер артық ақша алған жоқ. Дәрігер мені қабылдады, тексерді, артынша басқа дәрігерге жіберді. Мұнымен қатар, қабылдауға төлеген ақшамды қайтарып берді. Оны өзі жіберген дәрігерге беретінімді айтты. Тағы да екі дәрігер тексеріп, ақша алмады. Барлық анализімді толығымен өткізерде ақша алулары керектігін айттым.

Бибігүл Әубәкірова:

Мен бассүйек ішіндегі қысымнан емделген болатынмын. Олардан ақылы дәрілер құйдырдым. Нәтижесінде бұрынғысынан бетер ауырдым! Астанаға барғанымда кортизолдың деңгейінің көтеріліп кеткенін айтты. Басым осының салдарынан ауырған екен. Мұнымен қатар, әлгі орталық балама жүрек аритмиясы деген диагноз қойды. Ал астаналық дәрігерлер оның денсаулығының сау екенін айтты. 2 айлық қызыма невропатолог ми гипоксиясы деген диагноз қойған болатын. Астаналық дәрігерлер мұны да теріске шығарды. Бұл медикуске енді мүлдем жоламайтын болдық. Ол жақта адамдарды емдемейді, керісінше ауру етіп шығарады.

Қазақстандықтардың дәл осы іспеттес оқиғалары жетерлік. Бұдан кейін министрлік дәрігер тарапынан қандай да бір медициналық тәсілдерді тағайындау мен емдеу әдістеріне байланысты күдік туындаса, бірден денсаулық сақтау аумақтық департаментіне немесе сенім телефонына хабарласу керек: 8 (7172) 74 28 02.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Анасы мен келіншегі қатар жүкті болған қазақ жігіті жұрттан ұялып жүр

Қазақстан мен қазақстандықтардан көңілі қалған туристер: 4 оқиға

Атырауда кемедегі тамақтың иісін сезіп бір үйір қасқыр келді (видео)

71 жастағы қарт 150 қасқырмен бірге тау арасында тұрып жатыр (фото)

Талқылау