Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар 2018 жылы қанша күн демалады

2018 жылы мереке күндеріне орай 17 күн демалыс беріледі. Олардың кейбірі демалыс күніне сәйкес келеді. Ал, мереке күні мен демалыс күндерін қоса есептегенде барлығы 118 демалыс күні беріледі.

2018 жылы 1, 2 қаңтар күні Жаңа жыл мерекесіне орай әдеттегідей екі күн демалыс беріледі. 7 қаңтар күні Рождество мерекесі. Алайда ол күн жексенбіге түседі.

Сондай-ақ наурыз айында екі мерекеге орай 4 күн демалыс беріледі. «Халықаралық әйелдер күніне» байланысты 8 наурыз күні бір күн демалыс беріледі. Ал, Наурыз мерекесіне орай 21, 22, 23 наурыз күндері демалыс. Бұл күндер жұмыс күндеріне қатар келгендіктен сенбі, жексенбі күнімен қатар қазақстандықтар 5 күн қатарынан демалады. Бұл бес күндік жұмыс кестесіндегілерге қатысты.

Мамыр айында да үш мерекеге демалыс беріледі. Қазақстан халқының бірлігі күні – 1 мамыр демалыс. Келесі аптасында қазақстанлықтар Отан қорғаушылар күніне орай 7 мамыр демалады. Бір күннен соң 9 мамыр – Жеңіс күніне тағы бір күн демалыс беріледі.

Астана күні 6 шілде күні бір күн демалыс. Бұл мереке жұма күніне түсетін болғандықтан Қазақстан халқы үш күн қатарынан демалады. Бұл бес күндік жұмыс кестесіндегілерге қатысты.

21 тамыз Құрбан айт мерекесіне бір күн демалыс беріледі. 30 тамыз Конституция күні де әдеттегідей демалыс күні.

ҚР тұңғыш президенті күніне орай 1 желтоқсан демалыс. Бұл мереке сенбі күніне түскендіктен 5 күндік жұмыс кестесіндегілерге дүйсенбі 3 желтоқсанда демалыс беріледі. Осылайша 3 күн қатарынан демалыс.

Сондай-ақ 16 мамыр Тәуелсіздік күні де жексенбі күніне тура келгендіктен, дүйсенбі мен сейсенбі 17, 18 желтоқсан демалыс беріледі.

Жалпы алғанда, жыл бойы мереке күндеріне орай 17 күн демалыс беріледі.  Олардың кейбірі демалыс күніне сәйкес келеді. Ал, мереке күні мен демалыс күндерін қоса есептегенде барлығы 118 демалыс күні беріледі. Бұл бес күндік жұмыс кестесіндегілерге қатысты.

Тағы да оқыңыз:

Алматы тұрғыны ХҚКО-да егіз баланы босана жаздады

Оралда ер адам 4 жасар баланы анасының көзінше ұрлап кетпек болды

Ер адам төсек қатынасымен көп айналысып бір көзі көрмей қалды

Талқылау