Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Олар көзтартарлықтай сұлу: 12 қазақстандық жұлдыздың жүктілік кезі

Көптеген қыз-келіншек жүктілік кезінде кең көйлек пен өкшесіз аяқ киім киеді. Өмірлеріндегі ең маңызды сәтте олардың әрқайсысы сұлу болып көрінуге тырысады. Әсіресе, танымал жұлдыздар. Олай болса, Stan.kz еліміздегі ең стильді аналар туралы ақпаратты назарларыңызға ұсынады.

ашан

Фото: instagram.com/asha_matai/?hl=ru

Қазақстандық жұлдыздар жүктілік кезінде сәнді киінеді. Мұнымен қатар, түрлі фотосессия жасайды. Бірі жолдасымен бірге түссе, екіншілері компьютерлік графикамен өңделген суреттерді құп көреді. Алғашқылардың қатарында Аша Матай бар.

Аша Матай

Жуырда ғана тележүргізуші мен Арман Қоңырбаев жұртпен көптен күткен қуаныштарын бөліскен-ді. Бұл жаңалықты алғашқылардың бірі болып Ашаның құрбылары жеткізді. Тележүргізушінің өзі босанған кезінде қатты қиналғанын айтты. Десе де, бұл қиындықтары артта қалып, олар жаңа туған сәбилерімен бірге тағы да бір фотосессия жасамақ. Кішкене бөбектің есімі – Асылым.

13166791_1681253395460495_1365507256_n

13188061_1572331473097722_1152267653_n

IMG_0134

Фото: instagram.com/ranosha_umarova/

Рано Омарова

Әнші үшін биылғы жыл табысты болды. Шоу бизнесте емес, отбасылық өмірінде. 5 наурыз күні оған сырға салынып, ұзатылды. Үлкен тойдың болып-болмағаны әлі күнге дейін белгісіз. Десе де, бірнеше айдың ішінде әнші дүниеге сәби әкелді. Рано күйеуінің қалауымен әншіліктен бас тартып, енді тек бала тәрбиесімен айналыспақ. Ал Алдияр есімді ұлдарының кіндік анасы – Луина.

12070616_766752376784133_609188095_n

12135174_1656261401320077_206560259_n

11265014_697541750385586_364774070_n

12547627_471533256363487_372732498_n

Фото: instagram.com/aidanamedenova/?hl=ru

Айдана Меденова

KeshYou тобының экс еркесінің өз еркесі бар. Естеріңізде болса, Баян Есентаева Айдана Меденованы тәтті балға теңеген-ді. Бұл бірге жұмыс істеген жылдары артық қылығын көрмегенімен байланысты болса керек. Былтыр әнші тұңғышын босанды. Оның есімін “Әмина” деп қойды. Бұл есімді жолдасының өзі таңдаған екен.

Аталған есімнің “Әминат”, “Әмиша”, “Әмуна”, “Мина” сынды бірнеше синонимі бар. Әр елде түрліше айтылғанымен мағынасы бір. Мұхамед пайғамбардың анасының есімі болғандықтан, көпшілік Әминаға тән қасиеттер болашақ сәбилерінің бойында болсын деген ниетпен қояды. Оны араб халқы “адал”, “сабырлы”, “қауіпсіз жердегі” деген үш мағынада түсіндіреді. Мұнымен қатар, ол кей халықта “Эмине”, “Эмина” деп айтылады.

12534185_881607575269738_592680124_n

12357797_941995639214593_1232988346_n

13381029_1733318063594525_1857876823_n

Фото: instagram.com/assem_zhaketayeva/?hl=ru 

Әсем Жакетаева

Актриса қаңтар айының соңында алғашқы перзентін дүниеге әкелген болатын. Әсем сәбиге есімді отбасы болып таңдағанын айтады. Ол “Whatsapp” желісінде топ ашып, туған-туысқандарымен ақылдасқан. Соңында бес нұсқаның ішінен Айсана есімін таңдаған. “Айсана”  да  – мұсылмандар арасында жиі кездесетін есім. Ол екі түбір сөзден құралған. “Ай” – сұлулық пен адалдықтың символы. “Сана” – “мадақ”, “тазалық”, “ұлылық” деген мағынада қолданылады.

image

11386425_728502087261554_120377675_n

11821926_523229104496516_1586221900_n

11374004_1693624137541474_1467907038_n

12106090_1521013258208475_1628395607_n

Фото: instagram.com/lido_kz/?hl=ru

Лидо Досалина

Лидо балаларын АҚШ-та босанған. Жуырда әнші отандық бағдарламада шетелде босануының себебін түсіндірді. Ол осылайша балаларына еркін таңдау жасау мүмкіндігін беретінін айтты. Яғни, 16 жасқа толған соң, оның балалары Қазақстан немесе АҚШ елдерінің арасында таңдау жасап, азаматтық алады. Әншінің балаларының есімі өте ерекше. Ол тұңғышына Риана деген ат қойған. Лидо қазақшалап Райхан деп атауға болатынын айтады. Ал екінші ұлын Рахман деп атаған. Бүгінде ол үшінші сәбиін босанып үлгерді.

12751354_239360226398318_1869733650_n

12338722_1678977305718602_633543362_n

12547373_1724817377731257_1920607293_n

12393752_1062291440490144_1227480008_n

Фото: instagram.com/aisha_vee/

Айша

Сүйіктісін соңынан аямай жүгірткен Айша күйеуіне шекесі торсықтай екі ұл сыйлады. Тұңғыштарының есімі – Зейін. Ал кіші ұлдарының есімін аталары Омар деп қойған. Бірінші ұлы дүниеге келгенде Бүркіт Айшаға джип көлігін сыйлаған екен. Екіншісі үшін тіпті темекіден бас тартқан көрінеді.

салтошка

салтанат

Фото: instagram.com/saltanat_bakaeva/?hl=ru

Салтанат Бақаева

Мансап пен үй шаруасын қатар алып жүретін жұлдыздардың қатарында Салтанат Бақаева бар. Отандық режиссерлердің бірі оның бұл қасиетіне қайран қалған-ды. Салтанат пен жолдасы Нұржанның екі ұлы бар. Тұңғыштарының есімі – Әмір. Бала тәрбиесінде тәжірибесі мол әнші ақыл-кеңестерін Аша Матаймен бөлісіп отырады екен.

24(141)

Фото: instagram.com/asselsagatova/?hl=ru

Әсел Сағатова

Сәнбике әрі актриса 2014 жылы дүниеге ұл алып келген болатын. Тұңғышының есімін Алдияр деуді жөн көрген екен. Әсел Сағатова отбасылық өмірінің құпиясын аша бермейді. Мысалы, жұрт әлі күнге дейін оның жолдасы туралы толық ақпаратты білмейді.

айд

ай

Фото: instagram.com/aidayissaeva/?hl=ru

Айдай Исаева

Естеріңізде болса, Айдай Исаева жаз айында босанған болатын. Сол себепті, ол үнемі түрлі-түсті көйлек киіп жүргенді. “Мисс Қазақстан – 2013” байқауының жеңімпазы өзі дәрігер болғандықтан, болашақ аналарға қандай күтім керек екенін жақсы біледі.

динара сатжани

Фото: instagram.com/dinarasatzhan/

Динара Сәтжан

Тележүргізушінің соңғы жүктілігі туралы жұрт көпке дейін білмей келді. Себебі, ол аяғы ауыр болса да, биік өкше мен қысқа көйлек киіп жүрген.

215af67d-005e-4801-a4ca-9776031f8478

0aeca100-9147-4b21-8537-c344d7407ce3

Фото: instagram.com/anelarinova/

Әнел Әрінова

Бүгінде әнші ұлын әкесіз тәрбиелеп жатыр. Ол әлеуметтік желі арқылы кішкене ұлына тұлға ретінде қарайтындығын, оның қалауын ерекше сыйлайтындығын айтып отырады. Әнел Әрінова көптен күткен сәбиіне “Имран” деген есім берген. Араб тіліне тән есім Құран кітабының бірнеше жерінде аталады. Иса пайғамбардың атасын осылай атаған екен.

lo

yvkp

zhdshh

Фото: instagram.com/alensamykenov/

Ғалия Мұратова

Әнші инстаграмдағы парақшасына аяғы ауыр балет бишісінің суретін салған кезде, желі қолданушылары көзге жағымсыз көрінетінін айтып, мұндай суреттерді салмауды өтінген болатын. Алайда әнші Ғалия мұндай пікірді құлаққа ілмеген секілді. Ол артынша пуант киіп, аяғы ауыр болса да, тік тұрып би билей алатынын дәлелдеген суреттерін жариялады. Желі қолданушыларының бірі суреттердің өте әдемі екенін айтса, енді бірі мұның денсаулыққа зиян екенін тілге тиек етті.


Жіберіп алмаңыз:

Қазақстандық жұлдыздар балаларына қойылған ерекше есімдер (фото)

Қазақстандық жұлдыздар балаларын қалай тәрбиелейді

Желіде жұлдызға айналған танымал адамдардың балалары

Қазақстандағы көпбалалы жұлдыздар

Талқылау