Қазақстандық жұлдыздар тойдан қанша табыс табады?
Той – халықтың қазынасы болса, оның сәнін аша түсетін жандар – әртістер қауымы. Әрине, олардың өнерін лайықты түрде “бағалауға” әркімнің қалтасы көтере бермейді. Осы орайда бүгін біз қазақстандық эстрада жұлдыздарының тойдан және мерекелік кештерден қанша табыс табатынын саралап көрдік.
Бұл туралы ИА «NewTimies.kz» жазды.
Өз тойында немесе мерекелік кешінде әртісті көргісі келетін жандар үшін ең тиімді әрі қолжетімді әнші – Санда. Оның тойда ән салуы 500 мың, ал корпоративті кештерде өнер көрсетуі 800 мың теңге тұрады. Мерекелік шара Алматыдан өзге қалаларда өтетін болса, бұл сомаға ұшақтың эконом-класс бөлігінен екі билет пен қонақ үйден екі адамға арналған бөлменің ақысы қосылады. Санда шамамен 20-25 минут өнер көрсетеді.
Айта кететін жайт, мұнда көрсетілген бағаларды әншілердің директорлары жаңа жылдық мерекелерді есепке ала отырып қойған. Яғни, бұл бағалар 20 желтоқсаннан бастап есепке алынады.
“Lashyn” дуэтін тойда көргіңіз келсе, сәл көбірек шығындалуыңызға тура келеді. Қыздардың тойда өнер көрсетуі 600 мың, ал жекелеген кештерде ән салуы 2000 доллар тұрады. Одан бөлек 3 адамды ұшақ билетімен және 4-5 жұлдызды қонақ үй бөлмесімен қамтамасыз етуіңіз керек. Бұл бағаға қыздар 7 түрлі ән орындап береді.
Айдана Меденова тойға 2000, ал жекелеген кештерге 2500 долларға шығады. Әнші 20-25 минуттай өнер көрсетеді. Ал ұшақ билеті мен тұрақтайтын орын Айдананың баратын қаласына байланысты.
Ал қалтасына ауыр тиетіндер Айдананың экс-топтасы Кәмшат Жолдыбаеваны шақыра алады. Ол тойда 700 мың теңгеге, ал корпоративтік кештерде 900 мың теңгеге өнер көрсетеді. Жолдыбаева 5 түрлі ән орындайды. Ал ұшақ билеті мен екі адамға арналған қонақ үй бөлмесі қажеттілікке қарай.
Мәдина Сәдуақасова тойда 500 мың, ал корпоративті кеште 3000 долларға өнер көрсетеді. Оның да өнер көрсетуінің ұзақтығы 20-25 минутқа созылады. Одан бөлек, екі адамды ұшақ билетін (бірі бизнес-класс, екіншісі эконом-класс) және қонақ үй бөлмесімен (1 қалыпты және 1 люкс бөлме) қамтамасыз етуіңіз керек.
Ерке Есмахан тойда да, жекелеген кештерде де 1 миллион теңгеге өнер көрсетіп береді. Әншінің репертуарында 6 той әні бар. Ал екі адамға арналған ұшақ билеті мен тұрақтайтын орын қажеттілікке қарай келісіледі.
Әли Оқапов та кез келген мерекелік кештің сәнін 1 млн 200 мың теңгеге ашып береді. Сол сияқты әнші Луинаның тойға шығар бағасы – 800 мың теңгені құраса, корпоративтік кештен ол 1.5 миллион теңге табыс табады.
Мақпал Исабекованы өз кешіңізден көргіңіз келсе, біраз тыраштануыңызға тура келеді. Ол тойға 2500 долларға, ал корпоративке 4000 долларға шығады. Бизнес-класстан билет және қонақ үйден люкс бөлме алып беруіңіз міндетті.
Айқынның тойдағы «құны» 700 мың, ал жекелеген кештерде 1,5 млн теңге тұрады. Директорының айтуынша, әртіс эконом-класспен жүргенді ұнатады.
Ділназ Ахмадиева тойда 2500, ал корпоративте 5000 АҚШ долларына өнер көрсетеді. Оның өнері 30 минутқа созылады. Сол сияқты екі адамға бизнес-класстан орын алып, қонақ үйдің люкс бөлмесінен орын алып беруіңіз шарт.
Ең танымал қыздар тобы «Kesh you» тойға 1 млн теңгеге, ал корпоративке 1,5 млн теңгеге шығады. Одан бөлек қонақ үйден 4 адам үшін екі бөлмеге тапсырыс беруіңіз қажет. Қыздар 25-30 минут өнер көрсетеді.
Жанар Дұғалова тойдан 3000, ал корпоративті кештен 5000 доллар алады. Бұл ақшаға сіз Жанардың даусын 20-25 минут тыңдай аласыз. Ұшақ билеті мен қонақ үйден бөлме қажеттілік болған жағдайда ғана қарастырылады.
Тойдың сәнін шығыс стиліндегі әндерімен аша түсетін Бүркіт пен Айша ол үшін 1 миллион теңге сұрап отыр. Ал жұлдызды жұпты жеке мерекеңізге шақыру үшін 6000 АҚШ долларына қағылуыңызға тура келеді. Бұл жұп 40 минут өнер көрсетеді.
Қарақат Әбілдина мен Қыдырәлі Болманов тойдан 5000, ал корпоративтен 6000 доллар көлемінде табыс табады. Жұлдызды жұп 40 минут ән салады. Оларға бизнес-класстан билет және қонақ үйдің люкс бөлмесін алып беруіңіз міндетті.
Ал ең қымбат әнші… Өздеріңіз де біліп отырған шығарсыздар, әрине, Қайрат Нұртас. Әншінің бір тойдан табатын табысы 7000, ал корпоративтен алатын ақшасы 10000 долларды құрайды. Одан бөлек бизнес-класстан билет алып беріп, қонақ үйдің люкс бөлмесіне тапсырыс беруіңіз шарт.
Жіберіп алмаңыз:
Артық сұрақ болмас үшін: Лидо өзінің қай ұлттан екенін айтып берді
Ата-анасы Мейрамбек Беспаевқа қыздарын бермей қойған
Александр Панайотов, ресейлік әнші: Қазақ қызына үйленгім келеді
Ди Каприоның фильмінен кейін Мақпал Исабекова вегетариан болып кетті