Алматы облысында былтыр педофилия бойынша күдікке ілінген екі полицейдің ісі тоқтатылды
Алматы облысында 2023 жылы 14 жасар қызды зорлап, видеоға түсірді деп күдікке ілінген полиция қызметкерлеріне қатысты қозғалған іс тоқтатылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КазТАГ басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: ІІМ
Желіде Қонаевта екі полицияның қызмет бабын пайдаланып, 14 жастағы оқушы қызбен жыныстық қатынасқа түсіп, оны видеоға түсіріп алғаны туралы ақпарат тарады.
Бірі кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспектор болса, екіншісі күзет бойынша полиция қызметкері. Бірақ қазір олар күдікті емес.
"2024 жылғы 12 тамызда тергеу нәтижелері бойынша Қылмыстық-процестік кодекстің 35-бабының 1-бөлігінің 2-тармағының негізінде қылмыстық құқықбұзушылық құрамының болмауына байланысты қылмыстық іс тоқтатылды. Алматы облысының прокуратурасы бұл шешіммен келісті", – деп хабарлады ІІМ.
Еске салсақ, былтыр Алматы облысында екі полиция қызметкері 14 жастағы оқушы қызды зорлап, видеоға түсіргені туралы ақпарат тараған еді.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген