Қазақстандық жұлдыздар Мьянмада қырылған мұсылмандарға қайғырып, көңіл айтты
Қазақстандық жұлдыздар әлеуметтік желіде Мьянмада болып жатқан қанды оқиғаға қатысты пікір білдіріп, көрші елдердегі мұсылмандар үшін жүректерінің қан жылап отырғанын жеткізді. Барша халықты дұғада болуға шақырды.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Күні кеше Reuters агенттігі Мьянмада үкіметтік күш пен мұсылмандар арасындағы қақтығыс кесірінен 400-ден астам адам қаза тапқанын хабарлаған болатын. Жергілікті билік мәліметінше, Ракхайн штатында “рохиндж әскерлері” бірнеше полиция бекеті мен армиялық казармаларға шабуыл жасаған. 25 тамыздан бері 90 қақтығыс болып, 370 содырдың көзі жойылған.
Үкіметтік күштер арасынан 15 адам көз жұмды. Қақтығыстан қашқан 27 мыңнан астам босқын-рохинджар Бангладеш шекарасынан кесіп өтіп кеткен. Олардың арасында қырық шақты адам Наф өзенін кесіп өту кезінде қайтыс болған. Көпшілігі әйелдер мен балалар. Аталған қанды оқиға әлем халқын бей-жай қалдырмады. Көрші ел президенттері пікір білдіріп, қоғам белсенділері барынша қолдау көрсетуге тырысты. Олардың қатарында қазақстандық жұлдыздар да бар.
Мөлдір Әуелбекова:
Жазықсыз жандарды панаңа ала көр, Раббым!
Асхат Тарғын:
Раббым Алла, бір өзің жар болғай!
Қыдырәлі Болманов:
Ерекше мейірімді, аса қамқор Алла! Өзіңнен ғана сұраймыз! Жазықсыздан жазықсыз қойдай қырылып жатқан пенделеріңді сақта! Қорған болып, қамқорлығыңа алғайсың! Ет пен жүректен жаралған, өзің Жаратқан жер бетіндегі зұлымдыққа қарсы барлық пенделеріңнің дұға-тілегін қабыл еткейсің! Өзіңнен рахым тілеген пенделеріңді, өзіңнің Рахман сипатыңмен қорқаулардан, ит-құстан сақтай гөр! Дұғада болайық! Жаратушы Алла жар болсын!
Роза Әлқожа:
Күн қайырлы да берекелі болғай! Еліміз тыныш, жеріміз аман болсын! Айт құтты болсын! Таң атпай жүрегім ауырып отыр… Жазықсыз қарттар мен сәбилерді аяусыз азаптау үшін құдайдан безіп, қайдан құқық алды екен жауыздар?! Алла өзі пана болсын барша мұсылмандарға!
Алуа Қонарова:
Адамдар хайуаннан бетер қатыгез болып кеткен. Өзіңнің діни түсінігіңе бола өзгелерді жазықсыз жою – ұлтты жойғанмен тең.
Тұрсынбек Қабатов:
Бір Алла жар болсын!
Маржан Арапбаева:
Жүрегім-ай… Мына сұмдықты бір Алла тағала тоқтатуға көмектессінші! Құдайым-ау, қолдай көрші бауырларымызды!
Саягүл Оразғалиева:
Олар біз көзбен көруге дайын емес дүниелерді бастан кешіріп жатыр.
Ернар Айдар:
Иә, жаратқан Алла өзің көмектесе көр! Дұғада болайық!
Жанар Айжанова:
Көздерін шел басқан хайуандар, Алла жазаларыңды берсін екі дүниеде де! Шырылдатып сәбиді, тоқпен ұрып тамашалап тұрған сендерде жүрек емес, қара тас шығар көкіректеріңдегі. Құрбан айтқа қасақана өз бауырларыңды қырып, қанын судай шашып жатырсыңдар. Жеңіс бәрібір сол Алла деген мұсылмандарда. Күлдерің көкке ұшатын кез де әлі келер әлі. Алланың бар екеніне, хақ дегенге күмәндарың болса, обалдарың өздеріңде. Е Алла, тығырыққа тірелген алыстағы бауырларымызды панаңа ала көр. Жер бетіне тыныштық орнатып, тура жолыңнан адастыра көрме. Қазағымның жеріне осындай лаңкестердің аяқтарын аттата көрме. Тілек-дұғаларымызды қабыл етіп, жанымызға тыныштық орната көр!
Лидо:
Қазіргі заманда мұндайға қалайша жол беруге болады? Ақылым жетпей отыр. Мәдениетті қоғамда өмір сүріп отырмыз емес пе?! Мен хештегтер арқылы әзірге ешнәрсе іздемедім. Себебі, қорқамын. Бірақ, “танымалдар” бағанында көп нәрсені көрдім… Балалар мен адамдарды қалай қинап жатқандарын көрдім… Шашым тік тұрып, жүрегім алып-ұшып, қан жылап тұр! Жылап отырмын! Репост жасап жіберейікші! Бұл нәрсе тоқтауы тиіс!
Ғаділбек Жанай:
Алла бізді кешір. Мына жұртқа жар бола көр!
Лейлә Төлеуова:
Келесі сөздерім жағымсыз естілуі мүмкін… Бірақ, бүгін желіге салған жарнамаларыңыз мен күліп тұрған суреттеріңіз жүйкеге тиіп тұр. Әрине, кешіріңіздер. Мұның орнына көбірек репост жасап, жаратқанға жалбарынайықшы.
Серік Ибрагимов:
Дұғада болайық, ағайын! Алла жеңілдігін берсін!
Ерік Тәстембеков:
Бұл сұмдықты тоқтатуға дәрменсіз екенімді біліп, жүрегім қан жылап отыр! Иә, Алла, біздің бауырларымыз бен қарындастарымызға көмектес! Сенің мейірімділігіңе сенім артамын.
Сәкен Майғазиев:
Я, Раббым! Жазықсыз жандарға, шарасыз балаларға, әлсіз аналарға, қауқарсыз қарттарға қорған бола көрші! Әлемде тыныштық болғай! Бейбітшілігімізді бағалай білейік, бауырлар!
Жіберіп алмаңыз:
Анар Батырхан: «Инстаграм жұлдызы» болып қалудан қорқамын, мен оқыған актрисамын (фото)
Динара Сұлтан алғаш рет өзінен 17 жас үлкен күйеуі жайлы айтты (фото)
Қайрат Нұртастың жұбайымен билеген видеосы желіні “жарды” (видео)
Мәдина Сәдуақасова, сізге не болған: Желі қолданушысы әншіні сынап тастады