Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық жомарт кәсіпкер 3 жасар науқас баланы Үндістанға апару үшін жеке ұшақ тауып берді

Қайырымды жанның қамқорлығы. Қазақстандық жеке кәсіпкер ауыр дертке шалдыққан үш жасар бүлдіршінді Үндістанға жеткізу үшін жеке ұшақ тапты.

з

Бұл туралы Евразия бірінші арнасы хабаралайды.

Өкпесіне ота жасалуы тиіс үш жасар балаға Үндістанның Ченнай қаласындағы клиникалардың бірінде ота жасауға мемлекет квота берген. Алайда, оның мерзімінің аяқталуына екі апта ғана уақыт қалған. Баласы үшін шыр-пыр болған ата-ана біздің арнамыздан көмек сұраған еді. Арада бір күн өткенде, демеуші де табылды. Әріптесіміз Жұлдыз Байділда тарқатып айтады.

Үш жасар Аңсар өздігінен тыныс ала алмайды. Сегіз айдан бері жасанды аппаратқа таңылып, жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, бүлдіршіннің өкпесіне жедел ота жасау қажет. Мемлекет ол үшін Үндістанның Ченнай қаласындағы клиникалардың біріне тегін жолдама берген. Бірақ, қоғамдық ұшақтардағы тасымалдау ережелеріне байланысты, балақайға жалғанған оттек баллоны мен аппаратын алып жүре алмайды.

«Мамыр айынан аппаратта жатыр. Енді өзі демала алмайды. 5 желтоқсан бізге Индияға квота берді. Енді біздің мемлекеттен сұрайтынымыз, бізге санавияция берсе деп. Өйткені, Аңсар 8 ай бойы реанимацияда өмір сүріп жатыр» — Аңсардың анасы Мәншүк Үсенова.

Дегенмен, бар қиындық артта қалды. Бауыр еті баласы үшін алаңдаған ананың бұл өтінішінен соң, демеуші де табыла кетті.

«Бағдарлама шыққанан кейін, келесі күні ұшақ табылғаны туралы маған айтты. Мен қобалжып қалдым. Тез табылады деп ойламадым. Күткен жоқпыз, тез арада табылады деп. Бірақ, бағдарлама шыққаннан кейін, көп адамдар хабарласып, тілектерін білдіріп жатыр» — Аңсардың анасы Мәншүк Үсенова.

Қазақстандық жеке кәсіпкер сәбиді қажетті жерге жеткізу үшін жеке ұшақ тапқан. Нәтижесінде, бүлдіршін  мен оның ата-анасы және дәрігерлер діттеген жеріне 18 сағат бойы ұшудың орнына 5 сағатта жететін болады.

«Қазірге дейін, звондап жатыр. Рахмет! Әрине, бәріне рахмет айтамын. Енді Құдай қаласа, Ансармен бірге ұшамыз. Сол, бәрі жақсы өтеді деп ойлаймын» — Аңсардың анасы Аңсардың анасы.

Мәншүк үшін кеше естіген жағымды жаңалығы бұл өмірдегі ең қуанышты хабар. Аңсарды Үндістанда емдетуге мүмкіндік беретін квотаның аяқталуына 2 апта ғана қалған. Енді дер кезінде кәдеге жарамақ.

Жіберіп алмаңыз:

Алматыда такси тоқтатқан қызға таласқан көліктің бірі оны қағып кетті

Қазақстандықтар тұрмысы төмен жандарға үй алып беру үшін 1 теңгеден жинап жатыр

Жаңаөзенде көлік жүргізушісі 7 жасар баланы қағып ұшырып әкетті (видео)

Қызылорда облысында балабақшада төрт жасар қыз көз жұмды

Талқылау