Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылорда облысында балабақшада төрт жасар қыз көз жұмды

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындадағы балабақшада төрт жасар қыз көз жұмды. Ал оның туыстары құпия жағдайда шетінеп кеткен бүлдіршіннің өліміне не себеп болғанын нақты біле алмай жүргендерін айтады.

трпеа

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Бұл қайғылы жағдай Жөлекбаевтар жанұясының қабырғасын қайыстырды. Ойнап жүрген төрт жасар дені сау бүлдіршінімізді әдеттегідей таңертең балабалқаға апардық дейді. Ал бірер сағаттан соң жақындарына суық хабар келген. “Осы кезге дейін бірде- бір рет ауырып көрмеген қызымыз Назерке Садықтың, балабақшада қайтыс болғанына әлі де сене алмай жүрміз” дейді бүлдіршіннің туыстары.

“Бас дәрігер келіп, ішіне кіріп шықты реанимацияға. Реанимациядан шыққан соң ол кісі бөлек бөлмеге кіргізіп, бізге көз жұмағанын айтты. Бұл жерге келгенде тірі емес қыз. Балабақшада қайтыс болған деді. 2 сағат бұрын кеткен деді”, – дейді Назеркенің әжесі Ұлтуар Омарова.

Бұдан бөлек бұл жағдайға байланысты тағайындалған сот медициналық сараптамасы осы кезге дейін ауырмаған қызымызға түрлі ауруға шалдыққан деген жалған қорытынды берді деп ашынады бүлдіршіннің туыстары. Ал  «Кәусар» балабақшасының қызметкерлері тілшілерге сұхбат бермек түгілі,  түсірілім тобын кіргізбей,  балабақшаның есігін  ішінен құлыптап алды. Алайда төрт жастағы бүлдіршіннің  жұмбақ өліміне байланысты бүгінде ішкі істер бөліміндегілер тергеу жұмыстарын бастапты.

“Бала өлімі дерегі бойынша қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізіліміне енгізіліп, тергеу амалдары жүргізілуде.Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу қорытындысы алдағы уақытта белгілі болмақ. Ал қапыда қыздарынан айырылып, қара жамылып отырған отбасы еліміздегі жеке балабақшаларға қатаң бақылау болса екен, – дейді Жаңақорған аудандық ішкі істер бөлімінің тергеу бөлімшесінің бастығы Дәулетхан Бәйменов.


Жіберіп алмаңыз:

Жамбыл облысында үйлену тойынан соң қыдырып жүрген жігітті өлтірген полицей сотталды

Қазақстандықтар тұрмысы төмен жандарға үй алып беру үшін 1 теңгеден жинап жатыр

71 жастағы қарт 150 қасқырмен бірге тау арасында тұрып жатыр (фото)

АҚШ-та науқас бала Санта-Клаустың қолында қайтыс болды

Талқылау